Селекторлық кеңес
МТРА жаңалықтар - Аптадағы маңызды жаңалық 14-02-2012 22:15 Көрулер саны:2210
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері Үкімет отырысында талқыланды. Жиынға селекторлық байланыс арқылы өңірлер де қатысты.
Үкімет отырысында қаралған бірінші мәселе – үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекетік бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижелері. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аталмыш бағдарлама бойынша қазіргі таңда жоспар 80 пайызға орындалғанын атап өтті. 2 жыл ішінде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 389 жоба қолға алыныпты. Оның дені - тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ биыл Елбасы тапсырмасы бойынша тағы 11 ірі жоба жүзеге асырылмақшы. Оның 5-уі индустрияландыру картасына еніпті. Сондай-ақ отырыста тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі кеңінен талқыланды. Былтыр республика бойынша тұтынушылардың құқығын бұзуға қатысты 6510 шағым түсіпті. Оның 40 пайызы денсаулық сақтау саласына қатысты. Өңірімізде бұл мәселемен айналысатын 5 ұйым жұмыс істейді. Оларға да тұрғындардан келіп түсетін шағымдар аз емес. СҚ «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау» ҚБ-не солтүстікқазақстандықтар 2011 жылы 451 талап-арыз жолдапты. Тұрғындарды негізінен жылу, су, электр энергиясымен қамту және салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы алаңдататын көрінеді.
Надежда Дубовая, "СҚ Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы” ҚБ төрайымы:
- Тұтынушылардан келіп түсетін талап-арыздар өте көп. Оларды алаңдататын мәселелер де сан алуан. Сондықтан қоғамдық бақылау ұйымдастыру керек деп ойлаймын. Тұтынушылардың белсенділігі мен қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруға баса мән берілуі тиіс.
Былтыр тұтынушылардың құқығын бұзуға қатысты шұғыл байланыс телефонына 20 мыңнан астам қазақстандық қоңырау шалыпты. Шағымдарды қабылдаудың мұндай жүйесін біздің өңірімізде де енгізу қарастырылмақ. Сондай-ақ Надежда Дубовая сатушыларды кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өткізу керектігіне тоқталды. Бұл ұсыныс та бірден қолдау тапты. Бұдан соң Серік Біләлов жиынға қатысушыларға СҚО мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының жаңа бастығын таныстырды. Бұл қызметке 1974 жылы Көкшетау облысында туған Қуаныш Айтқожаұлы Мұқажанов тағайындалды.
Серік Біләлов, СҚО әкімі:
- Қуаныш Мұқажанов Омбы мемлекеттік аграрлық университеті, «Фемида» Қарағанды заң институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы сот орындаушысы қызметінен бастаған. Құрылыс бакалавры, заңгер, қаржы және бухгалтерлік есеп экономисі мамандықтарын меңгерген.
Осы тағайындауға дейін ол Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығы қызметін атқарған. Облыс әкімі оның жаңа қызметте де сапалы жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
Инеш Шоқақова
Соңғы маңызды жаңалық
| 2012-05-17 Кәсіпкерлікті қолдау шарасы |
| 2012-05-16 Облыстық селекторлық кеңес |
| 2012-05-15 Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессиясы |
| 2012-05-14 Өңірде көктемгі егіс науқаны басталды |
| 2012-05-11 «Іздеушілер» тобы зерде вахтасынан оралды |
Программа Обозрение
| 2012-05-16 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
| 2012-05-16 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
| 2012-04-23 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
Программа Диалог
| 2012-05-17 Программа ДИАЛОГ |
| 2012-05-16 Программа ДИАЛОГ |
| 2012-05-16 Программа ДИАЛОГ |
Программа 7+7
| 2012-05-16 Программа 7+7 |
| 2012-05-16 Программа 7+7 |
| 2012-05-16 Программа 7+7 |

