Құқық қорғау органдары
Тәртіп сақшылары Елбасы Жолдауын қолдайды
МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 27-01-2012 23:17 Көрулер саны:3064
Тікелей эфирде Елбасының Жолдауын тыңдауға 66/37 әскери бөлім офицерлері мен сарбаздары да жиналды. Президенттің сот және құқық қорғау жүйесіне қатысты айтқан ойлары әскерилердің үлкен қолдауына ие болды. Олар Ұлт көшбасшысы жүктеген міндетті орындауға барлығымыз үлес қосамыз деп отыр.
Елбасының жолдауы Қазақстан халқы үшін аса маңызды. Бұл құжат болашақтағы жоспарымызды айқындап береді дейді 66/37 әскери бөлім сарбаздары. Сондықтан олар жыл сайын Президенттің жолдауын асыға күтеді. Елбасы маңызды құжаттың бір басымдығын сот және құқық қорғау жүйесіне арнады. Әсіресе, осы саладағы мамандардың біліктілігіне көп көңіл бөлу керектігін атап өтті. Осыған орай бұл саланың өкілдері жаппай аттестациядан өтуі тиіс.
Бұл шешімді барлық әскерилер қолдап отыр. Еліміздің ішкі тәртібін қамтамасыз етіп, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып отырған офицерлер өз міндетін бес саусағындай білуі парыз. Қызметкерлердің әскери дайындығы мен кәсіби біліктілігі жоғары болуы шарт дейді 66/37 әскери бөлімінің офицері Самат Қалтаев.
Самат Қалтаев, 66/37 әскери бөлімінің взвод командирі:
- ҚР Елбасының Жолдауы бізге, әскери адамдарға, және халыққа маңызды. Әскери адамдарға жемқорлықтың болмауы ҚР-да, тәртіп сақшыларының адал жұмыстары . Әр адам өзінің міндетін шын жүрекпен орындауы керек деп ойлаймын.
Елбасы жолдауында еңбекпен қамту мәселесіне де үлкен басымдық беріпті. Бұл - әскери борышын толық өтеуге аз ғана уақыт қалған сарбаздардың қызығушылығын тудырды. Солардың ішінде Бауыржан Апсалықов та бар.
Бауыржан Апсалықов, 66/37 әскери бөлімнің қатардағы жауынгері:
-Қаржы мамандығын оқып, ЖОО бітіріп, әскерге келдім. Әскери борышымды өтегеннен кейін амандық болса, жұмысқа орналасамын деп ойлаймын. Және де осы маған ұнағаны жұмыспен қамту мәселесі.
Жолдауды ұйып тыңдағандардың бірі - Нұрбек Жексембаев. Жауынгерді білім саласына қатысты жаңашылдықтар толғандырыпты. Өйткені жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп болғаннан кейін кәсіби білім алуды жоспарлап отыр.
Нұрбек Жексембаев:
-Жастарға білім деңгейін көбейту үшін Елбасымыз өз үлесін қосып жатыр. Мен өз басым қолдаймын. Өйткені әскерден қайтқан кезде өз білім деңгейімді көбейтуге ынталымын.
Жолдауды басынан аяғына дейн тыңдаған сарбаздар Елбасы жүктеген міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосамыз деп отыр
Айдана Демесінова
Соңғы маңызды жаңалық
| 2012-05-17 Кәсіпкерлікті қолдау шарасы |
| 2012-05-16 Облыстық селекторлық кеңес |
| 2012-05-15 Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессиясы |
| 2012-05-14 Өңірде көктемгі егіс науқаны басталды |
| 2012-05-11 «Іздеушілер» тобы зерде вахтасынан оралды |
Программа Обозрение
| 2012-05-16 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
| 2012-05-16 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
| 2012-04-23 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
Программа Диалог
| 2012-05-17 Программа ДИАЛОГ |
| 2012-05-16 Программа ДИАЛОГ |
| 2012-05-16 Программа ДИАЛОГ |
Программа 7+7
| 2012-05-16 Программа 7+7 |
| 2012-05-16 Программа 7+7 |
| 2012-05-16 Программа 7+7 |

