ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Купольные дома
Новый стандарт
каркасного дома.

domkupol.ru
19.05.2012, 20:55
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

Құқық қорғау органдары

Контрабандалық қаламсаптар

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 17-05-2012 22:05 Көрулер саны: 871

Контрабандалық қаламсаптар

Жедел алдын алу шарасы барысында арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатпақшы болған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Сезіктіден саудалауға тыйым салынған бейнекамерасы бар 26 дана қаламсап тәркіленді.

Толығырақ

 

Әскери прокуратура тексерістері

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 16-05-2012 22:56 Көрулер саны: 815

Әскери прокуратура тексерістері

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы әскери бөлімдер мен әскери басқару органдарында жүргізілген тексерістердің қорытындысын жария етті. Олардың барысында бірқатар олқылықтар табылып, айыпты әскерилер қызметтерінен босатылды.

Толығырақ

   

«Нелегал» шарасы

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 15-05-2012 21:01 Көрулер саны: 809

«Нелегал» шарасы

Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің 117 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары облыс аумағында «Нелегал» жедел алдын- алу шарасын өткізіп жатыр. Оның мақсаты -  елімізде заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтап, заңсыз көші-қон жолдарын айқындау.

Толығырақ

   

Жас жол инспекторларының сайысы

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 14-05-2012 21:43 Көрулер саны: 1407

Жас жол инспекторларының сайысы

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы қарсаңында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен жолдағы жарақатты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын өткізуде. Осы орайда демалыс күндері Петропавлда жол ережесін қадағалаушы жас инспекторлар арасында екі күндік жарыс өтті.

 

Толығырақ

   

«Жолдағы қабылдау»

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 11-05-2012 23:18 Көрулер саны: 1262

«Жолдағы қабылдау»

Жол полициясы басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП СҚО филиалының ұйымдастыруымен жол бекетінде «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті. Оның барысында көлік жүргізушілер арнайы сауалнама сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ

   

Теміржолдағы прокурорлық тексеріс

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 11-05-2012 23:06 Көрулер саны: 1272

Теміржолдағы прокурорлық тексеріс

Көлік прокурорлары Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінде жүргізілген тексерісті қорытындылады. Жүк тасымалдаушылар тарапынан  тарифтердің өзгеруі жайлы дер кезінде хабарламау, кәсіпкерлерге негізгіз айыппұл салу сияқты заңбұзушылықтар анықталған. Оларды жоюға 1 ай уақыт берілді.

Толығырақ

   

Полицияның жаңа аймақтық бекеті

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 10-05-2012 22:25 Көрулер саны: 1022

Полицияның жаңа аймақтық бекеті

Аққайың ауданының Смирново поселкесінде аймақтық полиция бекеті ашылды. Салтанатты шараға облыстық ІІД-нің басшылығы, аудан әкімі, сот және прокуратура қызметкерлері, қоғам өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Толығырақ

   

Жолдағы тәртіпсіздіктер азаймай отыр

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 23-04-2012 20:04 Көрулер саны: 1272

Жолдағы тәртіпсіздіктер азаймай отыр

Жолда жүру ережесін елемеудің 743 фактісі тіркелді. 54 көлік иесі рөлге мас күйінде отырған. 76 жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерде кесіп өткендігі үшін хаттама толтырылды. Жылдамдықты шамадан тыс асырған 100 жүргізуші ұсталды. Бұл жол сақшылары ұйымдастырған алдын алу шарасының үш күнінің ғана қорытындысы.

Толығырақ

   

Полиция қызметкері жолда баланы қағып кеткені үшін жауапқа тартылуда

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 19-04-2012 20:23 Көрулер саны: 1982

Полиция қызметкері жолда баланы қағып кеткені үшін жауапқа тартылуда

Сотта 7 жасар Алина Луконинаның өліміне қатысты қозғалған іс қаралып жатыр. Ол өткен жылы күзде жол-көлік оқиғасының салдарынан көз жұмған болатын. Дегенмен айыпталушы әлі күнге өз айыбын мойындамай отыр. 

 

 

Толығырақ

   

Жалған хабар берушілерге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 12-04-2012 20:56 Көрулер саны: 2735

Жалған хабар берушілерге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады

Өткен жылы облыста жарылғыш зат қойылды деген жалған хабар берудің 8 фактісі тіркеліпті. Осыған байланысты 6 қылмыстық із қозғалған. Бұл ретте прокурорлар дайындалып жатқан лаңкестік әрекет жөнінде жалған ақпарат берудің ауыр қылмыс санатынына жататынын ескертеді. Ең кемі үлкен көлемде айыппұл төлесеңіз, кейбір жағдайларда алты жылға дейін бас бостандығыңыздан айырылуыңыз мүмкін.

Толығырақ

   

Әлеуметтік бейімдеу орталығындағы заңсыздықтар

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 11-04-2012 00:09 Көрулер саны: 1885

Әлеуметтік бейімдеу орталығындағы заңсыздықтар

Петропавл қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық заңнамаға сай келмейді. Жоспарлы тексеріс жүргізген қала прокурорлары осындай қорытынды жасап отыр. 

 

Толығырақ

   

Облыстық сот алғашқы тоқсанды қорытындылады

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 08-04-2012 16:45 Көрулер саны: 1893

Облыстық сот алғашқы тоқсанды қорытындылады

Судьялардың біліктілігін арттыру және жұмысты  жетілдіру туралы мәселе облыстық сот  қызметкерлерінің  кеңейтілген отырысы барысында талқыланды. 

Толығырақ

   

6 сәуір – Тергеу органдары қызметкерлерінің күні

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 05-04-2012 21:56 Көрулер саны: 2400

  6 сәуір – Тергеу органдары қызметкерлерінің күні

Облыс орталығында атаулы күнге байланысты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл саланың үздік қызметкерлері алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие болды. 

Толығырақ

   

Қару тапсыру шарасы аяқталды

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 02-04-2012 21:05 Көрулер саны: 1908

 Қару тапсыру шарасы аяқталды

Облыстың тәртіп сақшылары республика көлемінде өткен заңсыз сақтаудағы қаруды өз еркімен тапсыру акциясын қорытындылады. Шара нәтижесінде жерлестерімізден жиналған 300 қару арнайы пеште өртелді.

Толығырақ

   

Қарыз қалай өндіріп алынады?

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 02-04-2012 20:55 Көрулер саны: 1934

Қарыз қалай  өндіріп алынады?

Сот актілерін орындау жөніндегі  департаменттің  №1 Петропавл аумақтық бөлімінде жалпы сомасы 9 млрд 781 млн 602 мың теңгенің атқарушылық- өндіріс талап- арыздары қарастырылуда. Осынша қаржы банктерге және өзге де төлемдері үшін қарызын уақытылы қайтармаған тұрғындардан өндіріп алынады.  

Толығырақ

   

"Жаяу жүргінші"

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 28-03-2012 20:39 Көрулер саны: 2339

"Жаяу жүргінші"

Облыс аумағында "Жаяу жүргінші" атты республикалық жедел алдын алу шарасы басталды. Жол полицейлері наурыздың 28-і мен 30-ы аралығында жаяу жүргіншілерді бақылауға алады. Іс-шараның алғашқы сағаттарынан-ақ ереже бұзушылықтың көп екені анықталды.  

Толығырақ

   

Қаржы полициясы үш айды қорытындылады

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 27-03-2012 20:57 Көрулер саны: 2246

Қаржы полициясы үш айды қорытындылады

Қаржы полицейлері үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Осы уақыт аралығында өңірімізде жалған ақша жасап, сату фактілері бойынша 7 қылмыстық іс қозғалыпты. 

 

Толығырақ

   

Кинологтар сынағы

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 27-03-2012 20:45 Көрулер саны: 2161

Кинологтар сынағы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметтік-іздестіру иттер тәлімбағында арнайы жаттығуларды орындауға үйретілген иттердің дайындығы тексерілді. Кезекті жарыс барысында үздік кинолог пен оның ең жақсы төрт аяқты көмекшісі анықталды.

Толығырақ

   

Рейд кезінде нашақор-жүргізуші ұсталды

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 19-03-2012 22:25 Көрулер саны: 3460

Рейд кезінде нашақор-жүргізуші ұсталды

Жол полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалатын жол ережесін бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейдтік шараларды жалғастыруда. Өткен демалыс күндері инспекторлар жолда жүру ережесін бұзудың 30 фактісін анықтаған.

 

Толығырақ

   

Есірткіні өзі өндіріп сатқан

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 18-03-2012 11:32 Көрулер саны: 2982

Есірткіні өзі өндіріп сатқан

Өз үйінде есірткі затын жасап, саудалаған ер адамның заңсыз ісіне тосқауыл қойылды. Ғабит Мүсірепов ауданы Рузаевка селосының 23 жасар тұрғыны есірткі өткізу кезінде қолға түсті.  

Толығырақ

   

«Бизнес тірегі»

МТРА жаңалықтар - Құқық қорғау органдары 18-03-2012 11:26 Көрулер саны: 2945

«Бизнес тірегі»

Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, жеке бизнес өкілдерінің ісін негізсіз тексерудің алдын алу. Бұл мәселелерді көлік прокурорлары мен аймақ кәсіпкерлері дөңгелек үстел барысында талқылады.  

Толығырақ

   

Парақ 1 17 дан

КазахскийРусский