ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Продаётся нефтебаза
г. Мамлютка, Северо-
Казахстанская
область
подробнее
19.05.2012, 20:49
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

Балалар Масленицаны тойлады

МТРА жаңалықтар - Мәдениет 22-02-2012 22:09 Көрулер саны:2156


Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері мен мектеп оқушылары бірлесіп Масленица мерекесін атап өтті. Думанды бағдарламада ұлттық ойындар ойналып, жеткіншектерге дастарқан жайылды.



 

Бұл мереке – христиан дінін ұстанушылар үшін ең думанды әрі қызықты мейрамдардың бірі. 16 ғасырдан мереке славян халықтарында Масленица атауына ие болған. Себебі осы күні көптеген майлы тағамдар пісірілген. Жаңа жыл санауы бойынша әдетте бұл мереке ақпан айының екінші жартысына немесе наурыз айының басына келеді. Биыл Масленица ақпанның 20-ынан басталды.

 Ирина Корнилова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:
- Біз күні бойы таңғы сағат 9-дан кешкі 5-ке дейін балаларды қарсы алып, оларды жақсы көңіл-күймен шығарып саламыз. Басты мақсатымыз - мейрамды тойлау дәстүрін көрсету. Құймақ пісіріп, қардан қала соғып, Масленицаның мүсінін жасаймыз.  

 Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында аталмыш мейрам 6 жыл қатарынан аталып өтілуде. Бұл күннің басты тағамы, әрине, құймақ. Сондықтан да  мұражай өкілдері мектеп оқушыларына қонақжайлықтарын көрсетіп, құймақтан дәм татырды.

Вероника Волошина, №9 орта мектептің 3 сынып оқушысы:
- Бүгін біз Масленицаға келдік, маған ұнады. Көптеген ойындар қарастырылған. Оның ішінде құймақты пешке салу көңілімнен шықты. Бұл өте қызықты болды. Барлығы  тапсырманы тез әрі шапшаң орындауға тырысты.  

 Сонымен қатар осы мереке күні қардан қамалдар салынады. Мектеп оқушылары екі топқа бөлініп, бір-біріне қар лақтырып ойнады.   

 - Бұл мереке менің көңілімнен шықты. Әсіресе ойын ойнап, Масленица ның тұлыбы өртегені қызық Және мен бұл мерекенің бір апта тойланатынын білдім.  

Масленица апта бойына жалғасады. Орыс халқы аптадағы әр күнге ерекше мән беріп, мерекені барыншы көңілді өткізуге тырысқан. Өйткені думанды мейрамның соңғы күні Христиандар ауыз бекітеді. Бұл кезде, православтықтар бірқатар тағамдардан тыйылуы тиіс.

КазахскийРусский