Banner
20.06.2013, 13:37
   
Шрифт
КазахскийРусский
Муниципальный телерадиоканал акимата СКО
Ежедневные новости Петропавловска и
Северо-Казахстанской области в видео и текстовом формате

Iздеу

"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" оқушыларды өз қатарына тартуда

МТРА жаңалықтар - Балалар 04-10-2011 21:04 Көрулер саны:13151

Үшінші желтоқсан күні "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарына мүшелікке екінші лек салтанатты түрде қабылданбақ. Осыған орай құрылған республикалық үгіт-насихат тобының жұмысы СҚО-нан бастау алды. Меймандар жергілікті білім беру саласының мамандарымен  кездесті.  

Білім күні мерекесінде «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы 150 мүшесі салтанатты түрде қабылданған болатын. Аталмыш ұйым жұмысының еліміздің әр аймағында жүзеге асырылуы маңызды. Бүгінгі кездесудің мақсаты да осы.

Нәзира Бөлтірікова, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ төрайымы:
- Ұйымның мақсаты - бүгінгі кезде рухани дүниесі кең, патриот, білімге деген құштарлығы мол, дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас азамат қалыптастыру.

"Жас қыран" - 1-4 сыныптағы төменгі буын оқушыларының ұйымы. Ал "Жас Ұланның" мүшелігіне 5-10 сынып аралығындағы мектеп оқушылары ене алады. Алайда олар оқуда озат, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болуы шарт. Білім беру саласындағы бұл жаңашылдықтарды жергілікті мамандар қолдап отыр.

Светлана Летучая, облыстық білім басқармасының бөлім бастығы:
- Бізге Астана қаласынан бастамашыл топтың мүшелері келді. Жастар ұйымдарын жасақтау мәселесіне байланысты өңіріміздегі ұстаздар қауымымен кездесу өтуде. Мұндай жиналыстың біздің аймақтан бастау алуы қуанышты.

Ұйымның мүшелігіне өтудің өз ережелері бар.  Жасұлландық оқуда озат, алғыр әрі ізденімпаз болуы тиіс. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай 3-желтоқсан күні салтанатты түрде «Жас Ұлан» ұйымының екінші легі қабылданбақ.

Инеш Шоқақова

Реклама

Banner

АПТАЛЫҚ ШОЛУ бағдарламасы

ДИАЛОГ бағдарламасы

2013-06-11
ДИАЛОГ
2013-06-03
ДИАЛОГ
2013-05-28
ДИАЛОГ

7+7 бағдарламасы

2013-06-18
7+7
2013-06-10
7+7
2013-06-03
7+7

Қазір сайтта:

Қазір сайтта 1327 қонақ және 5 тіркелген пайдаланушы 

Авторизация

КазахскийРусский