ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Купольные дома
Новый стандарт
каркасного дома.

domkupol.ru
19.05.2012, 20:34
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

Ауыл шаруашылығы

Бал өндірісі кеңейеді

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 10-05-2012 22:06 Көрулер саны: 917

Бал өндірісі кеңейеді

Өңірде ара шаруашылығын дамыту бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Бүгін облыстық омарташылар қауымдастығына Қырғыз елінен кезекті мың ара жанұясы жеткізілді. 

 

Толығырақ

 

Селекторлық кеңесте мал шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 23-04-2012 20:34 Көрулер саны: 1397

Селекторлық кеңесте мал шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды

"Ірі қара етін экспорттаудың әлеуетін арттыру" жобасын жүзеге асыру, қой шаруашылығын дамыту, мал азығын дайындау, ветеринария, жүн және былғары өндіру және қайта өңдеу мәселелері кезекті селекторлық кеңесте көтерілді. Отырыста ауыл шаруашылығы министрі ауқымды баяндама жасап, облыс әкімдерінің алдына бірқатар міндеттер қойылды.

Толығырақ

   

Аграрийлермен кеңес

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 21-04-2012 08:27 Көрулер саны: 1762

Аграрийлермен кеңес

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары  Серік Ахметов соңғы үлгідегі ауыл шаруашылығы техникасының көрмесін аралады. Кейін Николай Погодин атындағы орыс драма театрында өткен семинар-кеңеске қатысты. Мұнда облысымыздың алдағы егіс науқанына дайындығы мен өңірдегі мал шаруашылығының дамуы туралы мәселе  талқыланды. 

 

 

Толығырақ

   

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 18-04-2012 20:51 Көрулер саны: 2285

Пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады

 Елімізде үш жыл бойы ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмысы жүргізілмек. Биылғы жылы - 30 млн. гектардан астам жер, ал біздің облыста - 2 млн. 300 мың гектар алқаптың жай-күйі зерттеледі деп жоспарланып отыр. Алғаш рет қолға алынып отырған бұл шаруаға жергілікті атқарушы билік өкілдері атсалысуы тиіс. Жер ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері облыстық әкімдікте өткен семинар-кеңесте талқыланды. Жиынға ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы Қадырхан Отаров қатысты. 

 

Толығырақ

   

Тұқым сапалы болуы керек

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 12-04-2012 21:13 Көрулер саны: 2572

Тұқым сапалы болуы керек

 Облысымызда көктемгі егіс науқанына қызу дайындық жүріп жатыр. Жерге сіңірілетін дәнді зерттеу жұмыстарына 53 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. 546,2 мың тонна тұқымның 93 пайызы 1-2 классты дейді мамандар. Сондай-ақ облыс аумағында егілетін көкөністердің де өнімділігі мен сапасы анықталуда.  

Толығырақ

   

Австралия сиырларына Солтүстік Қазақстан өңірінің климаты қолайлы

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 11-04-2012 00:22 Көрулер саны: 1738

Австралия сиырларына Солтүстік Қазақстан өңірінің климаты қолайлы

Австралияның ангус және герефорд тұқымды ірі қара малын біздің облыста өсіруге болады. Асыл тұқымды бұл малдар Солтүстік Қазақстанның қатаң климатына бейімделе алады. Австралияға іссапармен барып қайтқан қазақстандық делегация осыған көз жеткізіпті. Шетелдіктердің мал өсірудегі озық технологияларын көріп қайтқан делегация құрамында Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Асқар Естанов бар. 

 

Толығырақ

   

«Сыбаға» - шаруалар үшін тиімді бағдарлама

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 01-04-2012 12:55 Көрулер саны: 2110

 «Сыбаға» - шаруалар үшін тиімді бағдарлама

Өңірімізде "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несиелендіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінге дейін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалына 32 өтініш түсіп, оның 23-і қолдау тапты. 

Толығырақ

   

Аграрийлерге арналған орталық

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 01-04-2012 12:45 Көрулер саны: 1955

Аграрийлерге арналған орталық

Облыстық мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының жанынан білім тарату орталығы ашылды. Онда ауыл еңбеккерлері  шаруашылығын тиімді жүргізудің тәсілдерін үйренетін болады. Орталық мамандары дәріс берумен қатар аудандарға шығып, аагроқұрылымдарға заманауи технологияларды ендіруге көмек жасайды. 

 

Толығырақ

   

Асыл тұқымды мал басын көбейту – басым бағыт

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 26-03-2012 22:05 Көрулер саны: 1829

Асыл тұқымды мал басын көбейту – басым бағыт

Биылғы жылдан мемлекет барлық асыл тұқымды ірі қара малды субсидиялайтын болады. Қаңтар айында "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Осы бағытта енді ауқымды жұмыс күтіп тұр дейді АШМ Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мамандары.  

Толығырақ

   

Ел Үкіметінің кезекті отырысы өтті

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 15-03-2012 23:07 Көрулер саны: 3225

Ел Үкіметінің кезекті отырысы өтті

Үкімет отырысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары мен ірі қараның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды. Селекторлық байланысқа шыққан облыс әкімдері бұл тапсырмалардың өңірлерде орындалу барысымен таныстырды.

Толығырақ

   

Шошқа шаруашылығын дамыту

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 12-03-2012 20:54 Көрулер саны: 2489

Шошқа шаруашылығын дамыту

Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар.  

Толығырақ

   

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға – 45 млн теңге

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 11-03-2012 21:45 Көрулер саны: 2385

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға  –  45 млн теңге

"Жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасының аясында Қызылжар ауданы бойынша 45 млн теңгенің несиесін беру жоспарланған. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда үш есе артық. Былтыр пилоттық жоба аясында ауданның 8 тұрғыны өз ісін ашты. 

Толығырақ

   

Ауыл шаруашылығын қолдау жалғасын табуда

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 08-03-2012 16:59 Көрулер саны: 2965

Ауыл  шаруашылығын қолдау жалғасын табуда

Облысымызға жұмыс сапарымен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев келді. Ол алдымен өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында «ҚазАгро» холдингі мен облыс әкімдігі көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру және өзара ынтымақтастық, инновациялық жобаларды іске асыру туралы меморандумға қол қойды.  

 

Толығырақ

   

Құс шаруашылығындағы инновациялық жоба

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 08-03-2012 16:51 Көрулер саны: 2890

Құс шаруашылығындағы инновациялық жоба

Солтүстік Қазақстан облысында жуық арада құс шаруашылығында инновациялық жоба жүзеге асырылады. Бройлерлік бағыттағы асыл тұқымды құс өсіретін репродуктор-кәсіпорын израильдік «МАД Корпорейшн» компаниясымен өзара ынмақтастық аясында ашылмақ. Екі жақтың өкілдері ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. 

 

Толығырақ

   

Ленин ауылдық округі әкімінің есебі

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 14-02-2012 21:39 Көрулер саны: 2668

Ленин ауылдық округі әкімінің есебі

Аққайың ауданының Ленин ауылдық округінің әкімі тұрғындар  алдында есеп берді. Ауылдықтар жиында қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, мектепті жөндеу сынды   өзекті мәселелерді шешуді сұрады.

Толығырақ

   

Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемі арта түседі

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 14-02-2012 21:33 Көрулер саны: 2664

Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемі арта түседі

Өндірісті модернизациялау - ауыл шаруашылығы техникасы зауытының ұжымы алға қойып отырған басты мақсат. Өткен жылы кәсіпорында жаңа қондырғылар сатып алуға 20 млн теңге қаражат жұмсалған. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мұнымен қатар өндіріс көлемін арттыру да көзделіп отыр. 

Толығырақ

   

Экологтар жылды қорытындылады

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 07-02-2012 21:16 Көрулер саны: 2847

Экологтар жылды қорытындылады

Табиғат пайдаланушылар өз міндеттерін қажет деңгейде орындамайды. Орман шаруашылығы мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары да сын көтермейді. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының алқа отырысында осы сияқты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Толығырақ

   

Асыл тұқымды мал басы көбеюде

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 07-02-2012 20:56 Көрулер саны: 2841

Асыл тұқымды мал басы көбеюде

Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында мал шарушылығын дамыту бағытында бірқатар міндеттерді айқындады. Өңір шаруашылықтары қазір асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойған. Сондай агроқұрылымның бірі -"Петерфельд-Агро" ЖШС.  

 

Толығырақ

   

Ветеринариялық бақылау қызметі

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 06-02-2012 20:57 Көрулер саны: 2759

 Ветеринариялық бақылау қызметі

ҚР Президентінің 2011 жылдың тамыз айындағы  жарлығына сәйкес елімізде ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті құрылды. Бұл осы саланы  халықаралық стандартқа сай келтіріп, мал шаруашылығын дамытуға септеспек.  

Толығырақ

   

Шаруашылықтарда асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 04-02-2012 00:07 Көрулер саны: 3367

 Шаруашылықтарда асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді

Облыс шаруашылықтары асыл тұқымды етті және сүтті ірі қараның басын арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Бүгінде қожалықтардағы шетелдерден жеткізілген асыл тұқымды малдар төлдей бастады.  

Толығырақ

   

Агроөнеркәсіп саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес

МТРА жаңалықтар - Ауыл шаруашылығы 01-02-2012 20:52 Көрулер саны: 2952

Агроөнеркәсіп  саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес

Ауыл шаруашылығы саласының өткен жылғы даму көрсеткіштері облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген алқа отырысында сөз болды. Сонымен қатар 2012 жылға жоспарлар белгіленді. Жиында облыс әкімі Серік Біләлов  аудандар әкімдері мен тиісті ведомстволар басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді.

Толығырақ

   

Парақ 1 8 дан

КазахскийРусский