ТКШ
Қолжетімді баспана
МТРА жаңалықтар - ТКШ 22-02-2012 21:40 Көрулер саны:1643
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тың жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға қажетті соманың жартысын жинаған салымшылар 8 жарым жыл ішінде жеке пәтердің иесі болмақ.
Қолжетімді баспана - ел экономикасы мен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарта түсетін басым бағыттардың бірі. Елбасы биылғы жолдауында Үкіметке 2020 жылға дейін арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
- Біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Ол үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 млн шаршы метрге жеткізу қажет. Осының бәрін жаңа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына анық енгізу керек. Аталған құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктермей қабылдауды тапсырамын.
Бұл бағытта бірқатар жобалар әзірленуде. Мәселен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі тұрғындарға үйді 20 жылға дейін жалға беруді ұсынып отыр. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жобасында қарастырылған ең ұзақ мерзім - 8 жарым жыл. Осы уақыт ішінде тұрғын үйді мемлекеттен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін салымшы жинақтаушы шот-есебін ашып, қажетті соманың тең жартысын жинауы тиіс. Кейін банк 4 пайыздық үстемақымен несие бермек.
Балахмет Мөлдинов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:
- Біздің облысымызда 2000 – 3000 шаршы метр салынса, бұл бағдарламаның арқасында 2 есе көп болмақ. Тұрып жатқан адамға да жақсы. Өйткені ол 20 жыл күтпейді, 8,5 жылда пәтерді сатып алып, атына түсіреді. Сосын коттедж құрылысына жоба жасадық.
Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстық бөлімшесінде 7 200 салымшы тіркелген. Оның 6800 -і қаражаттарын келісімге сай жинау үстінде. Аталмыш қаржы институты алдағы уақытта өз салымшылары үшін біршама жеңілдіктер қарастырған. Арнайы акциялар да ұйымдастырылмақ.
Балахмет Мөлдинов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:
- 1 наурыздан 1 мамырға дейін 2-ші есепшот ашқанда 50 пайыз жеңілдік болады. Біз мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үйлерге 11 пайызбен емес, 9 жарым пайызбен беруді қарастырып отырмыз.
Қазіргі таңда облыс ортылығында 55 және 126 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Тағы 3-інің құрылысы жоспарда бар.
Инеш Шоқақова
Соңғы маңызды жаңалық
| 2012-05-17 Кәсіпкерлікті қолдау шарасы |
| 2012-05-16 Облыстық селекторлық кеңес |
| 2012-05-15 Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессиясы |
| 2012-05-14 Өңірде көктемгі егіс науқаны басталды |
| 2012-05-11 «Іздеушілер» тобы зерде вахтасынан оралды |
Программа Обозрение
| 2012-05-16 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
| 2012-05-16 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
| 2012-04-23 Программа ОБОЗРЕНИЕ |
Программа Диалог
| 2012-05-17 Программа ДИАЛОГ |
| 2012-05-16 Программа ДИАЛОГ |
| 2012-05-16 Программа ДИАЛОГ |
Программа 7+7
| 2012-05-16 Программа 7+7 |
| 2012-05-16 Программа 7+7 |
| 2012-05-16 Программа 7+7 |

