ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Купольные дома
Новый стандарт
каркасного дома.

domkupol.ru
19.05.2012, 20:27
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

ТКШ

"Есіл су " қызмет бағасын қымбаттатпақ

МТРА жаңалықтар - ТКШ 16-05-2012 23:06 Көрулер саны: 755

"Есіл су " қызмет бағасын қымбаттатпақ

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының  тарифті көтеру жөніндегі өтініші қоғамдық тыңдауда қаралды. Айту керек, су бағасының өсуі қатардағы солтүстікқазақстандықтарға еш қатысы жоқ. Ауыл тұрғындары бұрынғыша бір текше метр су үшін қосылған құн салығын есепке алғанда 40 теңге төлей бермек. Су бағасы кәсіпорындар үшін қымбаттайды.

Толығырақ

 

Тұрғындар мен кәсіпкер арасындағы ұзаққа созылған дау

МТРА жаңалықтар - ТКШ 15-05-2012 21:00 Көрулер саны: 779

Тұрғындар мен кәсіпкер арасындағы ұзаққа созылған дау

Парк көшесі, 53 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары мен техникалық қызмет көрсету станциясы иесінің арасындағы дау-дамай бірнеше жылға созылып келеді. Пәтер иелері келіп-кетіп жатқан көліктердің шуына, сыр және жанар-жағармайдың жағымсыз иісіне шағымданып отыр. Кәсіпкер  барлық талаптар мен санитарлық нормаға сәйкес жұмыс істейтіндігін алға тартуда. 

 

Толығырақ

 

Электр энергиясының бағасы қымбаттатылмақ

МТРА жаңалықтар - ТКШ 24-04-2012 22:20 Көрулер саны: 1358

Электр энергиясының бағасы қымбаттатылмақ

Электр энергиясын жеткізу және тарату тарифі шілденің бірінен 40 пайызға өсуі мүмкін. "СК РЭК" компаниясы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментіне осындай ұсыныспен шығып отыр. Бұл мәселе депутаттар, сарапшылар кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен қоғамдық тыңдауда талқыланды. 

 

 

Толығырақ

 

«Қазақтелеком» мамыр айынан бастап жаңа тариф енгізеді

МТРА жаңалықтар - ТКШ 24-04-2012 22:12 Көрулер саны: 1185

«Қазақтелеком»  мамыр айынан бастап жаңа тариф енгізеді

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы кең жолақты интернет үшін бағаның төмендегенін хабарлады. Есесіне телефон байланысының төлемі 20 пайызға өседі. Жаңа тариф мамыр айының бірінен бекітілмек.

 

Толығырақ

 

Финляндия кәсіпкерлері су сапасын жақсартатын өнімдерін таныстырды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 19-04-2012 20:19 Көрулер саны: 1552

Финляндия кәсіпкерлері су сапасын жақсартатын өнімдерін таныстырды

Петропавлда «Wavin-Labko» финляндиялық компаниясы шығаратын жабдықтардың таныстырылымы өтті. Компания өкілдері жерлестерімізге қоршаған ортаны қорғау мақсатында жасалған құрылғыларды ұсынып отыр. Жабдықтардың құны 1 млн теңгеден басталады.

Толығырақ

 

"Петропавл су" күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде

МТРА жаңалықтар - ТКШ 18-04-2012 20:28 Көрулер саны: 1749

"Петропавл су" күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде

Көктемгі су тасқыны жағдайында "Петропавл су" АҚ ауыз суды мұқият тексеру үшін  дәстүрлі шараларды жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда Есіл өзенінен келген судың лайлылығы мен түсі белгіленген мөлшерден бірнеше есе артық. 

 

Толығырақ

 

Облысты кең ауқымды көгалдандыру

МТРА жаңалықтар - ТКШ 17-04-2012 21:16 Көрулер саны: 1228

Облысты кең ауқымды көгалдандыру

Биыл облыс аумағында 34 мың көшет отырғызылмақ. Сондай-ақ, ауласын жасыл желекке толтырамын деген әрбір тұрғынның осындай мүмкіндігі бар. Яғни жеке пәтер иелері кооперативтері табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қажет болған көлемде көшетке сұраныс жасай алады.

Толығырақ

 

Жастар тазалыққа шақырды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 16-04-2012 21:23 Көрулер саны: 1613

 Жастар тазалыққа шақырды

Жамбыл көшесі, 280-ші үйдің ауласы Петропавлдағы ең лас орындардың бірі. Жастар бұл жерде флеш-моб ұйымдастырып, көпқабатты үй тұрғындарын тазалық шарасына шақырды. Бірақ өздері қыс бойы былықтырған ауланы қоқыстан аршуға үй тұрғындары үн қоспады.   

Толығырақ

 

Есіл өзенін ластаушы анықталды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 10-04-2012 23:33 Көрулер саны: 1194

  Есіл өзенін ластаушы анықталды

Муниципалдық телеарна тілшілері ақпан айында эфирге Есіл өзеніне лас су ағып жатқаны туралы материал шығарған болатын.  Алайда өзеннің қайдан ластанғанын зерттеу ұзаққа созылды. Бүгінде мамандар лас судың көзін анықтады. 

Толығырақ

 

Аяқталмаған құрылыс үшін мемлекет қаржысы төленген

МТРА жаңалықтар - ТКШ 05-04-2012 22:10 Көрулер саны: 1836

Аяқталмаған құрылыс үшін мемлекет қаржысы төленген

Прокурорлар бюджеттік қаржыны жұмсауда өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Петропавлдың Заречный кентінде жылу трассасын төсеген мердігер кәсіпорынға атқарылмаған жұмыс үшін қазына қаржысы төленіпті. Сөйтіп, мемлекетке келтірілген шығын - 8,5 млн. теңгеден асып жығылған. Бұл факті бойынша қалалық прокуратура Петропавл қаласы құрылыс бөлімі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады. 

Толығырақ

 

Қаланың кейбір аудандарында батпақтан аяқ алып жүргісіз

МТРА жаңалықтар - ТКШ 04-04-2012 22:39 Көрулер саны: 1299

Қаланың кейбір аудандарында батпақтан аяқ алып жүргісіз

Қазылып, ой-шұңқыры су мен балшыққа толған көшелер қала халқын мазалап отыр. Шеткері аудандар тұрғындары көктем келісімен ағын сумен арпалысуда. Жиналмайтын қоқыс мәселесі тағы бар. 

 

Толығырақ

   

ПИК төрағаларының қала әкімімен кездесуі

МТРА жаңалықтар - ТКШ 01-04-2012 12:02 Көрулер саны: 1390

ПИК төрағаларының қала әкімімен кездесуі

Петропавл қаласының әкімі пәтер иелері кооперативтері төрағалары және көпқабатты баспаналар тұрғындарымен кездесті. Жиында тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылуы мен шешімін таппай отырған коммуналдық мәселелер сөз болды.

Толығырақ

   

Өңірде электр энергиясына үш деңгейлі тариф енгізілмек

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-03-2012 21:29 Көрулер саны: 1900

 Өңірде электр энергиясына үш деңгейлі тариф енгізілмек

Бұл жайында табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаментінде өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім болды. 

Толығырақ

   

Мамырдың бірінен «Петропавл судың» тарифі көтеріледі

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-03-2012 21:17 Көрулер саны: 1830

Мамырдың бірінен «Петропавл судың» тарифі көтеріледі

Су есептегіш құралдары бар тұрғындар бір текше метр үшін бұрынғыдан 5,92 теңге артық төлейтін болады, ал ондай құралдары жоқ пәтер иелері үшін су ақысы 11,59 теңгеге көтеріледі. 

 

 

Толығырақ

   

Жарақаттану жиіледі

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-03-2012 20:55 Көрулер саны: 1810

Жарақаттану жиіледі

Қарлы жаңбырдан кейін қала көшелері көктайғаққа айналды. Осыған байланысты емдеу мекемелеріне түрлі жарақатпен келетіндердің де қатары қалыңдады. Соңғы үш күннің ішінде ғана 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөлімінің дәрігерлері 150-ге жуық тұрғынға көмек көрсеткен.

 

Толығырақ

   

Газ қымбаттайды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 28-03-2012 20:50 Көрулер саны: 1484

Газ  қымбаттайды

 Өңірімізде 1 сәуірден бастап көгілдір отын тарифі 20 пайызға көтерілмек. Бұл жағдай аймағымызға жеткізілетін газ бағасының өсуіне байланысты  болып отыр.

Толығырақ

   

ТКШ жаңғырту бағдарламасындағы өзгерістер

МТРА жаңалықтар - ТКШ 13-03-2012 22:54 Көрулер саны: 1528

ТКШ жаңғырту бағдарламасындағы өзгерістер

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына өзгертулер енгізілмек. Енді пәтер иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан қолдау алу үшін алдын ала қаражат жинаулары тиіс. 

Толығырақ

   

Қоғамдық тыңдауда жылу берушілердің өтініші талқыланды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 06-03-2012 22:26 Көрулер саны: 1599

Қоғамдық тыңдауда жылу берушілердің өтініші талқыланды

"Петропавл жылу желілері" кәсіпорны нормативтік-техникалық шығын мөлшерін өзгерту ұсынысымен шықты. Олар жылу шығынын 17,6 пайыз деңгейінде бекітуді сұрап отыр. Бұл қазіргі ысырап мөлшерінен сәл төмен. Мәселе қоғамдық тыңдауда талқыланды.

Толығырақ

   

Су және кәріз қызметінің тарифі көтерілмек

МТРА жаңалықтар - ТКШ 05-03-2012 23:15 Көрулер саны: 1509

Су және кәріз қызметінің тарифі көтерілмек

"Петропавл су" АҚ өтінішті антимонополиялық ведомствоға қаңтардың отыз бірі берген. Коммуналдық қызмет ұсынушы кәсіпорын басшылығы мұндай қадамның себептерін шегелеп айтып отыр. Бүгінде кәсіпорын шығынға батқан көрінеді. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп, техника паркін жаңартуға, қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қаражат керек. Бұл мәселе ең алдымен қоғамдық тыңдауға шығарылды.

Толығырақ

   

Су шаруашылығындағы жыл қорытындысы

МТРА жаңалықтар - ТКШ 01-03-2012 22:32 Көрулер саны: 2283

Су шаруашылығындағы жыл қорытындысы

Су қоймаларын пайдалану, Есіл өзенінің ағынын реттеу, жер суландыру, электр энергиясын өндірумен айналысатын «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өткен жылғы жұмыстарын саралап, жаңа міндеттерді айқындады.   

Толығырақ

   

Тұрғын үй құрылысы қарқын алады

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-02-2012 09:43 Көрулер саны: 1360

Тұрғын үй құрылысы қарқын алады

Биыл өңірімізде  97 800 шаршы метр тұрғын  салынбақ.  697 пәтер облыс орталығында салынатын болады. Құрылыс жұмыстары аудандарда да қызу жүргізілмек. 

Толығырақ

   

Жертөлені су басып жатыр

МТРА жаңалықтар - ТКШ 27-02-2012 22:28 Көрулер саны: 1601

Жертөлені су басып жатыр

Петропавлда Чайковский,19 мекен-жайындағы үйлердің жертөлелерін су басып қалды. Ескі құбырдың жарылуы  пәтер иелерін әуре-сарсаңға салып отыр. 

  

Толығырақ

   

Жасыл желекті жаңарту жұмысы жалғасуда

МТРА жаңалықтар - ТКШ 23-02-2012 23:03 Көрулер саны: 1739

Жасыл желекті жаңарту жұмысы жалғасуда

Ағымдағы жыл басынан бері өңірімізде 158 бұта кесілді. Шіріген ағашты жоюға қалалық бюджеттен  9 млн теңге бөлінді. 

 

Толығырақ

   

Қолжетімді баспана

МТРА жаңалықтар - ТКШ 22-02-2012 21:40 Көрулер саны: 1642

Қолжетімді баспана

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тың жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға қажетті соманың жартысын жинаған салымшылар  8 жарым жыл ішінде жеке пәтердің иесі болмақ. 

Толығырақ

   

Өңір инфрақұрылымын дамыту жалғасуда

МТРА жаңалықтар - ТКШ 14-02-2012 20:54 Көрулер саны: 1587

Өңір инфрақұрылымын дамыту жалғасуда

Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өткен жылдың қорытындысын шығарып, үстіміздегі жылға жоспарды айқындады. 

 

Толығырақ

   

ТКШ жаңғырту бағдарламасының мүмкіндіктері мол

МТРА жаңалықтар - ТКШ 14-02-2012 20:51 Көрулер саны: 1601

ТКШ жаңғырту бағдарламасының мүмкіндіктері мол

Мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы соңғы уақытта өз жемісін беруде. Бүгінде Петропавлда аталмыш бағдарлама бойынша 10-нан астам үй жөнделіп жатыр. 

 

Толығырақ

   

"Есіл судың" алдағы жоспары ауқымды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 09-02-2012 21:28 Көрулер саны: 1620

"Есіл судың"  алдағы жоспары ауқымды

2011 жылы "Есіл су" кәсіпорны облыс халқына 3 млн текше метрден астам  ауыз су жеткізген. Бұл жоспардан 11 пайызға артық. 114 шақырым су құбыры тартылыпты. Осылайша өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтаған кәсіпорын ұжымы енді 2012 жылға ауқымды жоспар қойып отыр. "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында биыл бірнеше топтық су құбырында қалпына келтіру жұмыстары басталады.  

Толығырақ

   

Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы жалғасуда

МТРА жаңалықтар - ТКШ 04-01-2012 22:11 Көрулер саны: 2293

Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы жалғасуда

Облыс орталығындағы тағы екі көппәтерлі үйдегілер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысуға ниет танытты. Мир көшесіндегі 238- үй мен Бөкетов көшесіндегі 42- үйде жөндеу жұмыстарын қаңтар айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Жалпы бұл бағдарламаға Петропавлдағы 46 үйдің тұрғындары қатысып, 488 млн теңгенің келісімі жасалған.  

 

Толығырақ

   

"Петропавл суда" биыл көп іс тындырылды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 30-12-2011 21:36 Көрулер саны: 2894

"Петропавл суда" биыл көп іс тындырылды

Биыл су тарату желілеріндегі ақаулар өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген. Бұл "Жол картасы" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың арқасында мүмкін болып отыр. 

 

Толығырақ

   

Құрылысшылардың 2011 жылғы жетістіктері

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-12-2011 23:41 Көрулер саны: 1857

Құрылысшылардың 2011 жылғы жетістіктері

Облысымызда тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында мердігер "Основание" ЖШС ғана 2011 жылы  көпқабатты 6 тұрғын үй, үш су желісі мен бір балабақшаны қолданысқа берді. Серіктестік биыл тағы бір үйдің құрылысын бастап қойды. 

 

Толығырақ

   

Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы

МТРА жаңалықтар - ТКШ 27-12-2011 21:03 Көрулер саны: 1915

Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы

 Ағымдағы жылы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Петропавлдағы көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 395 миллион теңге бөлінген. Бұл сома 100 пайыз игерілді. Қалалық әкімдікте өткен жиында бағдарламаны келесі жылы да жалғастыру жайы сөз болды.

Толығырақ

   

Петропавлда Есіл өзенінің жағалауы абаттандырылады

МТРА жаңалықтар - ТКШ 20-12-2011 20:42 Көрулер саны: 2021

Петропавлда Есіл өзенінің жағалауы абаттандырылады

Қаламызда тағы бір көрікті демалыс аймағы жабдықталмақ. Сәулетшілер 4 ай ішінде аумағы 16 га болатын Есіл жағалауының жобасын әзірледі. Ол 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланып отыр.   

 

Толығырақ

   

Коллектор жөнделіп жатыр

МТРА жаңалықтар - ТКШ 30-11-2011 20:34 Көрулер саны: 2050

 Коллектор жөнделіп жатыр

Облыс орталығында "Солтүстік" коллекторын  қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда оның 80 пайызы орындалыпты.    

 

Толығырақ

   

ТКШ жаңғырту бағдарламасының шапағаты ауылға да тиеді

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-11-2011 21:27 Көрулер саны: 1908

ТКШ жаңғырту бағдарламасының шапағаты ауылға да тиеді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы Петропавлда үлкен қолдауға ие болды. 2012 жылдан бастап аталмыш жоба аудандар орталықтарында жүзеге асырылмақ. Бұл төңіректе қандай жұмыстар жүргізу керек екендігі облыс орталығында өткен семинарда қызу талқыланды.   

Толығырақ

   

Баспаналы болу мүмкіндігі

МТРА жаңалықтар - ТКШ 29-11-2011 21:18 Көрулер саны: 2052

Баспаналы болу мүмкіндігі

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына 2011-2014 жылдарға арналған жаңа бағдарлама ұсынады. Оған сәйкес Петропавлда 5 баспана бой көтермек. Оның біреуі 2012 жылдың қазан айында салынып бітеді. Жаңа қоныс кілттері жобаға қатысуға бірінші болып өтініш берген алғашқы 55 жинақтаушы азаматқа бұйырады.

Толығырақ

   

Коммуналдық сала қысқа жан-жақты әзірленді

МТРА жаңалықтар - ТКШ 27-11-2011 11:02 Көрулер саны: 2127

Коммуналдық сала қысқа жан-жақты әзірленді

Үстіміздегі жылы өңірдің коммуналдық қызмет көрсету мекемелері электр қуаты, жылу және сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарына 2 жарым млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бүгінде жоспарланған іс тәмамдалып, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасындағылар еңсерілген шаруаның нәтижесін салмақтауда.

Толығырақ

   

Жаңа салынған жер үйді заңдастыру

МТРА жаңалықтар - ТКШ 17-11-2011 20:48 Көрулер саны: 2403

Жаңа салынған жер үйді заңдастыру

Жер үй салып, оған тұруға рұқсат алу үшін қандай құжаттар қажет деген мәселе петропавлдықтарды толғандыруда. Себебі арнайы актісіз баспананы сатуға, тіпті тіркеуге де болмайды. Жаңа қонысты дұрыс құжаттандыру үшін жылдың соңына дейін азаматтарға бірқатар жеңілдіктер ұсынылған.   

Толығырақ

   

ТКШ жаңғырту бағдарламасының Петропавлда жүзеге асырылуы

МТРА жаңалықтар - ТКШ 16-11-2011 19:52 Көрулер саны: 2111

ТКШ жаңғырту бағдарламасының Петропавлда жүзеге асырылуы

"2011 -2020 жылдарға арналған тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы жалғасуда. Пилоттық жоба аясында облыс орталығындағы 9 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ су құбырлары мен кәріздік жүйелерді жаңарту да қолға алынды.  

 

Толығырақ

   

Су берушілер тарифті көтеру қажет деген пікірде

МТРА жаңалықтар - ТКШ 10-11-2011 21:59 Көрулер саны: 2109

Су берушілер тарифті көтеру қажет деген пікірде

«Петропавл су» кәсіпорны техникалвқ нормативтік шығын көлемін арттыруды сұрап отыр. Естеріңізе сала кетсек, қаланы сумен қамтамасыз етуші кәсіпорын мұндай ұсынысты жылдың басында жасаған болатын. Сушылардың ұсыныстары қоғамдық тыңдауда қаралды. 

  

Толығырақ

   

Жер кодексіне өзгертулер енгізілді

МТРА жаңалықтар - ТКШ 09-11-2011 14:03 Көрулер саны: 2118

Жер кодексіне өзгертулер енгізілді

1995 жылдан бері жеке тұрғын үй салу үшін мемлекеттен жер телімі тегін беріледі. Алайда бұл мүмкіндікті иеленгендер учаскелерді сәйкесінше пайдаланбай жүр. Осыған қатысты Жер кодексіне өзгертулер енгізілді.  

 

Толығырақ

   

Тұрғын үй қорын жаңғырту

МТРА жаңалықтар - ТКШ 26-10-2011 20:53 Көрулер саны: 2123

Тұрғын үй қорын жаңғырту

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы халық үшін өте маңызды. Елбасының жолдауын насихаттаушы топ - жеке пәтер иелері кооперативтері төрағаларына тың бағдарламаның тиімді тұстарын түсіндіріп, солтүстікқазақстандықтардың сауалдарына жауап берді.

Толығырақ

   

Тұрғын үйлерді қалпына келтіру бағдарламасының бірінші кезеңінде 21 үй жөнделді

МТРА жаңалықтар - ТКШ 21-10-2011 23:38 Көрулер саны: 2625

Тұрғын үйлерді қалпына келтіру бағдарламасының бірінші кезеңінде 21 үй жөнделді

Облыс орталығының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жөнге келтіру үшін биыл республикалық бюджеттен 400 млн. теңге шамасында қаржы бөлінді. Бүгінде Петропавлдағы 5 көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 16 үйде жүріп жатыр. Петропавлда тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. 

Толығырақ

   

Мемлекеттік бағдарлама аясында 3 үйдің төбесі жөнделіп болды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 17-10-2011 21:38 Көрулер саны: 2309

Мемлекеттік бағдарлама аясында 3 үйдің төбесі жөнделіп болды

Қазанның 15-і облыс орталығындағы  көпқабатты 3 үйде жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды. Мұндай ауқымды іс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. 

Толығырақ

   

Тұрғын үйлер қалпына келтірілуде

МТРА жаңалықтар - ТКШ 12-10-2011 21:09 Көрулер саны: 2185

Тұрғын үйлер қалпына келтірілуде

Облыс орталығындағы апаттық жағдайда тұрған үйлер жаңа кейіпке ие болуда. Сондай баспаналардың бірі -  Новая көшесіндегі 83- үй күрделі жөндеуден өтті. Ғимаратты қалпына келтіруге қалалық бюджет резервінен 8 млн 766 мың теңге бөлінген.  

Толығырақ

   

Тұрмыстық қалдықтар да кәдеге жаратылады

МТРА жаңалықтар - ТКШ 06-10-2011 21:56 Көрулер саны: 2668

Тұрмыстық қалдықтар да кәдеге жаратылады

Облыс орталығында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға байланысты пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Оған сәйкес қалдықтарды 3-ке бөліп, жарамдысын қайта өңдеу көзделген.

Толығырақ

   

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы

МТРА жаңалықтар - ТКШ 23-09-2011 21:01 Көрулер саны: 2390

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы

Петропавлда 43 лифт күрделі жөндеуді қажет етеді. Пәтер иелері бұл істі өз күшімен жүзеге асыра алар емес. Жедел сатының құны тым қымбат. Олар "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасы арқылы мемлекеттің көмегіне жүгінбек.

Толығырақ

   

Тұрғындар сусыз қаламыз деп қорқулы

МТРА жаңалықтар - ТКШ 22-09-2011 20:30 Көрулер саны: 2389

Тұрғындар сусыз қаламыз деп қорқулы

Петропавлдың Аяған Шәжімбаев көшесі бойындағы 20 пәтерлі үш  үй ауыз сусыз қалуы мүмкін. Себебі энергетиктер суық судың құбырын жылу құбырынан бөліп тастаған. Қыс мезгілі болса таяп қалды. Ал су құбыры жылусыз аязға шыдамайтыны айдай анық. Тұрғындардың бұл қиындықтарын "Петропавл су" АҚ да шеше алмай отыр.

Толығырақ

   

Петропавлда қазанның 1-нен жылу беріле бастайды

МТРА жаңалықтар - ТКШ 21-09-2011 21:22 Көрулер саны: 2436

Петропавлда  қазанның 1-нен жылу беріле бастайды

Жылыту маусымы келіп қалса да қаладағы тұрғын үйлердің көбі құбырларын шаймаған. Бұл жағдай жылу жүйесін жоспарлаған уақытта қосуға кедергі келтіруі мүмкін. Осы мәселеге қатысты туындаған қиындықтар қалалық әкімдікте өткен жиында сөз болды.

Толығырақ

   

Сушылар энергия үнемдеуде

МТРА жаңалықтар - ТКШ 20-09-2011 21:39 Көрулер саны: 2538

Сушылар энергия үнемдеуде

«Есіл су» кәсіпорны электр қуатын үнемдеуге кіріскен. Мұның барлығы сапа менеджменті жүйесі бойынша қолға алынған инвестициялық жоба арқасында жүзеге аспақ. Ол өз кезегінде қуатты 36 мың киловатқа кем жұмсауға септесетін болады.

Толығырақ

   

Коллектор жөнделіп жатыр

МТРА жаңалықтар - ТКШ 19-09-2011 23:42 Көрулер саны: 2764

Коллектор жөнделіп жатыр

 Облыс әкімі Серік Біләлов Петропавлдың «Солтүстік» коллекторында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты. Жазда бірнеше мәрте істен шыққан коллекторға күрделі жөндеу қажет деген шешім шығарылған.

Толығырақ

   

Парақ 1 4 дан

КазахскийРусский