ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Купольные дома
Новый стандарт
каркасного дома.

domkupol.ru
19.05.2012, 20:26
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

МТРА жаңалықтар - Экономика 22-02-2012 21:11 Көрулер саны:1496


Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 149 петропавлдық жуық арада жұмысқа шақырылатын болады. Оның 5-уі қоғамдық шараларға тартылмақ. 15 адам жаңа кәсіп меңгереді. Бұл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізген кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесі.



 

Ерболат Жантасов М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық- педагогикалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті мамандығын меңгеріп шыққан. Еңбек өтілін Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылынның "Ақ бота" шағын орталығында бастаған. Жол машақатын шешу үшін тұрғылықты мекен жайы облыс орталығынан кәсібі бойынша жұмыс қарап жүр.

 Ерболат Жантасов:
-Қаладан жұмыс табуға келген едім. Білім бөлімінен жұмыс тауып берді. Осындай жәрменкелер көптеп ұйымдастырылса жақсы болар еді. біз сияқты жас мамандарға жұмыс керек.


Жалпы бұл жолы жәрмеңкеге екі қолға бір күрек таппай жүрген 300-ден артық адам келген. 27 кәсіпорынның өкілдері өздеріне қажетті 600-ге жуық маманды іздестірді. Алайда көбіне ұсыныс пен сұраныс сәйкес келе бермейді. Аслан Ескендіров есепші дипломымен әлі тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Барған жері жас маманға жоғары білім мен  ұзақ еңбек өтілінің болуын талап ететін көрінеді. Асланда бұның екеуіде жоқ.

Аслан Ескендіров:
- Колледжді бітіргеніме 2 жыл болды. Мамандық бойынша жұмыс болмай жатыр. Жәрменкеге келіп, жұмыс болып қалады деп үміттеніп отырмын.  

Арнайы білімі бар жас мамандар қол қусырып отырғанда аға буынға жалақысы жоғары тұрақты табыс көзін табу тіпті қиын. Қырықтың қырқасынан асқан Айгүл Әсіриеваның еңбек өтілі ауқымды. Десе де сан мәрте бос орындар жәрменкесіне қатысып, жасының талаптарға сәйкес келмеуінен тізімге көз жүгіртумен шектеліпті. Сондықтан былтыр нарықта сұраныс бар тәтті тағамдар даярлайтын мамандықты меңгеріпті.

 Айгүл Әсіриева:
-Бүгін жәрмеңкеге келіп қуанып отырмын. Үш ай кондитерге оқыдым. Үшінші разрядым бар.  "Паскалдан"  ЖК жұмыс таптым. Енді тырысамын.  

Биылда аса қажетті 9 мамандық бойынша жаңа кәсіпке даярлайтын  курстар жүргізілетін болады.

Сұңғат Қоспанов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының бас маманы:
- Әсіресе сұранысқа ие дәнекерлеуші, жүргізуші, аспазшы кондитер, шаштараз мамандарын даярлауды жоспарлап отырмыз. Оқу таңдаған кәсібіне сәйкес 1 айдан 4,5 айға дейін созылады, курсты тәмамдағасын жұмыспен қамтимыз.  

Бұл жолы мақсаттарына біртабан жақындаған 149 адам жұмыс ұсынушы мекеме басшыларымен кездесетін болды. Кәсіптік оқу курсына 15 адам жазылса, уақытша қоғамдық жұмысқа 5 адам жіберілді. Өз мамандығына сәйкес жұмыс таба алмағандар өтініш берушілер базасына тіркеліп, олармен әрі қарай жұмыс жүргізіледі.  Жалпы бүгінде облыс орталығында 660 жұмыссыз тіркеуде тұр.


Жеңіс Ермұқанов

КазахскийРусский