ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Продаётся нефтебаза
г. Мамлютка, Северо-
Казахстанская
область
подробнее
19.05.2012, 20:25
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

Экономика

Жаңа бизнес-жобалар қаралды

МТРА жаңалықтар - Экономика 14-05-2012 21:59 Көрулер саны: 1650

Жаңа бизнес-жобалар қаралды

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдармасына деген қызығушылық артып келеді. Бағдарламаның мүмкіндіктерімен жіті танысқан кәсіпкерлер мемлекет ұсынып отырған қолдауды пайдалануға асық. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша облыстық әкімдік жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесі тағы тоғыз жобаны қарады.

Толығырақ

 

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасына өзгерістер енгізілді

МТРА жаңалықтар - Экономика 07-05-2012 21:34 Көрулер саны: 523

 "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Облыс орталығында өткен дөңгелек үстелде осы өзгерістер жайында әңгіме өрбіді. Бағдарламада мемлекеттік кепілдендіру жүйесі қарастырылуда. 

 

Толығырақ

 

Құрылыс материалдары заводы мемлекеттік қолдауға ие

МТРА жаңалықтар - Экономика 07-05-2012 21:33 Көрулер саны: 471

Құрылыс материалдары заводы мемлекеттік қолдауға ие

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитетінің өкілдері Петропавл құрылыс материалдары зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауына ие болып отыр.

Толығырақ

 

«Халықтық IPO» деген не?

МТРА жаңалықтар - Экономика 26-04-2012 21:43 Көрулер саны: 1103

«Халықтық IPO» деген не?

Қарапайым халық құнды қағаздар нарығына жақындай түсті. Мұндай мүмкіндікке ұлттық компаниялардың акцияларын биржаға шығаруға арналған "Халықтық IPO" бағдарламасы жол ашып отыр. Облыс орталығында аталмыш жобаны түсіндіруге арналған тренинг өтті.  

Толығырақ

 

Қаржылық бақылау саласындағы өзгерістер

МТРА жаңалықтар - Экономика 23-04-2012 20:25 Көрулер саны: 1180

Қаржылық бақылау саласындағы өзгерістер

Облысымыздағы қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері ҚР есеп комитеті ұйымдастырған семинарда бас қосты. Бұл саланың мамандары осылайша сәуірдің 27-не дейін біліктіліктерін арттырмақ.   

Толығырақ

 

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту

МТРА жаңалықтар - Экономика 17-04-2012 21:31 Көрулер саны: 1327

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту

Бүгінгі күні мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылып отырған зор мүмкіндіктерді халыққа жеткізу жағы тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Тұрғындар мемлекеттік қолдаудың тетіктерін толық білмейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мамырда ақпараттық-насихат тобы аудандарға шықпақ. Өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту мәселесі облыстық әкімдікте өткен жиында сөз болды.

 

Толығырақ

 

Статистика департаменті алғашқы тоқсанды қорытындылады

МТРА жаңалықтар - Экономика 17-04-2012 21:23 Көрулер саны: 1280

Статистика департаменті алғашқы тоқсанды қорытындылады

Облыста ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында өндіріс саласында - 26,5 млрд теңгенің, ауыл шаруашылығында 12,5 млрд теңгенің тауары өндірілді. Облыстық статистика департаменті 2012 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен таныстырды.

Толығырақ

 

Еңбекақы өсті

МТРА жаңалықтар - Экономика 11-04-2012 00:14 Көрулер саны: 1257

Еңбекақы өсті

Солтүстікқазақстандықтардың жалақысы 23,2 пайызға артты. Осылайша 2011 жылдың ақпан айының көрсеткіші бойынша бір адамның еңбекақысы  орта есеппен 64 102 теңгені құраған.

Толығырақ

 

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының шарапаты тигендер аз емес

МТРА жаңалықтар - Экономика 05-04-2012 22:52 Көрулер саны: 1799

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының шарапаты тигендер аз емес

 Биылғы жылы "Жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасы аясында Петропавлда 102 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданды. Алдағы уақытта қаланың  тағы 100 тұрғыны екі қолға бір күрек таппақ. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 42 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұнымен қатар мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 135 адам қайта даярлықтан өтіп, жаңа мамандық меңгеріп жатыр

Толығырақ

 

ЖСН алу қажет

МТРА жаңалықтар - Экономика 02-04-2012 20:48 Көрулер саны: 1175

ЖСН алу қажет

Үш мыңнан астам солтүстікқазақстандық жеке сәйкестендіру нөмірін алуға асықпай отыр. Айыппұл төлемеу үшін уақыт тауып, жеке куәлік пен төлқұжаттарыңызды ауыстырған жөн деп ескертеді мамандар. Келер жылдан жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ құжаттар жарамсыз болып қалады. 

 

Толығырақ

 

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шағын кәсіпкерлікке жол ашты

МТРА жаңалықтар - Экономика 15-03-2012 22:51 Көрулер саны: 2032

"Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шағын кәсіпкерлікке жол ашты

 "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында  Мамлют ауданының 24 тұрғыны несие алуға өтініш берген. Жобалардың 50 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар ағаш өңдейтін цех, наубайхана ашуды көздеп отырғандар да бар.

Толығырақ

   

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

МТРА жаңалықтар - Экономика 15-03-2012 21:41 Көрулер саны: 1929

 Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту

Облыс орталығында іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Онда өз ісін ашуға ниет білдірген нәзік жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайлы айтылды. 

 

Толығырақ

   

Есепшілер білімдерін жетілдірді

МТРА жаңалықтар - Экономика 14-03-2012 20:00 Көрулер саны: 1574

Есепшілер білімдерін жетілдірді

Білім бөлімі мен қалалық оқу ордаларының 26 бас есепшілері кәсіби қайта даярлау курсынан өтті. 2 ай көлемінде азаматтық құқық, салық заңдылықтары бойынша білімдерін толықтырып, кәсіби бухгалтер сертификатына ие болды. Мемлекеттік мекемелердің ішінде бұл құжатқа олар алғашқылардың бірі болып қол жеткізді.  

 

Толығырақ

   

Қаржы вице-министрі солтүстікқазақстандықтармен кездесті

МТРА жаңалықтар - Экономика 06-03-2012 23:02 Көрулер саны: 1775

Қаржы вице-министрі солтүстікқазақстандықтармен кездесті

Өңірімізге Елбасының Жолдауын насихаттауға келген ақпараттық-насихат тобының жұмысы жалғасуда. ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Жолдау жүктеген міндеттерді Жамбыл ауданы және Петропавл қаласының тұрғындарымен өткен кездесулерде талқылады.

Толығырақ

   

Қалалық мәслихат сессиясы

МТРА жаңалықтар - Экономика 06-03-2012 22:44 Көрулер саны: 1742

Қалалық мәслихат сессиясы

Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс 4-ші сессиясы өтті. Онда 2012-2014 жылдарға арналған қала бюджетіне  өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

Толығырақ

   

«Единство» тұрғын үй құрылысына өз үлесін қосады

МТРА жаңалықтар - Экономика 01-03-2012 22:43 Көрулер саны: 2381

«Единство» тұрғын үй құрылысына өз үлесін қосады

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жалға берілетін үйлердің құрылысын кең ауқымда қолға алуды тапсырды. Жылына кемінде 1 млн шаршы метр баспана тапсырылатын болады. Ал бұл өз кезегінде құрылыс компанияларының жұмысына тың серпін бермек. Өңіріміздегі құрылысқа қажетті өнімдер шығаратын "Единство" ЖШС жаңа бағдарламаға үлкен үміт артып отыр.  

Толығырақ

   

Еңбек министрі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде болды

МТРА жаңалықтар - Экономика 29-02-2012 21:41 Көрулер саны: 1513

Еңбек министрі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде болды

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Солтүстік Қазақстан кәсіби- педагогикалық колледжінде болып,  "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасы шеңберінде оқып жатқан студенттердің білім алу жағдайларымен танысты.

Толығырақ

   

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерімен кездесу

МТРА жаңалықтар - Экономика 29-02-2012 21:25 Көрулер саны: 1500

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерімен кездесу

Жаңа кәсіпті игеру, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар мен өз ісін енді бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Бұл мәселелер Гүлшара Әбдіқалықованың халықты әлеуметтік қорғау жүйесі органдары қызметкерлерімен кездесуі барысында талқыланды.

Толығырақ

   

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

МТРА жаңалықтар - Экономика 22-02-2012 21:11 Көрулер саны: 1495

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 149 петропавлдық жуық арада жұмысқа шақырылатын болады. Оның 5-уі қоғамдық шараларға тартылмақ. 15 адам жаңа кәсіп меңгереді. Бұл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізген кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесі.

Толығырақ

   

2011 жылы коммуналдық қызмет үшін тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілген жоқ

МТРА жаңалықтар - Экономика 21-02-2012 21:14 Көрулер саны: 1820

 2011 жылы коммуналдық қызмет үшін тарифтердің негізсіз өсуіне жол берілген жоқ

 Өткен жылды қорытындылаған табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері осылай деп мәлімдеді. Биыл да бұл мәселе басты назарда болмақ. Дегенмен сәуірдің бірінен электр энергиясы үшін тарифтің өсуі әбден мүмкін. Энергетиктердің өтінішін қанағаттандыруға негіз бар деп отыр департаменттегілер.  

 

Толығырақ

   

Электрондық лицензиялау қызметі

МТРА жаңалықтар - Экономика 10-02-2012 23:56 Көрулер саны: 2257

Электрондық лицензиялау қызметі

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша демартаментінде лицензиялаудың электрондық жүйесі еңгізілді. Сондай-ақ кәсіпкерге рұқсат қағазы бұрынғыша 30 емес, 15 жұмыс күні ішінде беріледі.  

Толығырақ

   

Өнімін сыртқа шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

МТРА жаңалықтар - Экономика 09-02-2012 00:14 Көрулер саны: 1620

Өнімін сыртқа шығаратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Облыс орталығында «Экспортқа өнім шығаратын қазақстандық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда «Экспортшы -2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін көмек жайы сөз болды. 

   

Толығырақ

   

Жаңа қағаз ақша

МТРА жаңалықтар - Экономика 07-02-2012 20:44 Көрулер саны: 1735

Жаңа қағаз ақша

5000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шықты. Қағаз ақша қорғаныш қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленді. 

 

Толығырақ

   

Тауар талапқа сай ма?

МТРА жаңалықтар - Экономика 02-02-2012 19:05 Көрулер саны: 1914

Тауар талапқа сай ма?

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өткен жылғы жұмыстың қорытындысын жасады. 2011 жылы 297 тексеріс жүргізіліп, оның 164-інде әр түрлі заңсыздықтар тіркелген. Соның нәтижесінде  21 млн 500 мың теңгенің өнімі сапасыз деп табылыпты. 

Толығырақ

   

Қолжетімді баспана

МТРА жаңалықтар - Экономика 01-02-2012 20:43 Көрулер саны: 1820

Қолжетімді баспана

Елбасы соңғы жолдауында қазақстандықтарға қолжетімді бағамен тұрғын үй салуды жүктеді. Әсіресе жалға берілетін пәтерлер көбеймек. Бұл орайда алдымен  жас отбасыларына жағдай жасалуы керек. Осы ретте "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ үлкен міндет жүктеліп  отыр.  

Толығырақ

   

«Изолит» өндіріс көлемін ұлғайту үстінде

МТРА жаңалықтар - Экономика 26-01-2012 22:42 Көрулер саны: 2731

«Изолит»  өндіріс көлемін ұлғайту үстінде

«Изолит»  зауытының ұжымы үстіміздегі жылы жаңа межені бағындыруды жоспарлап отыр. 2012 жылы кәсіпорын 1 млрд теңгенің өнімін шығаруды мақсат еткен. Бұған барлық негіз бар - электр оқшаулағыш өнімдер әзірлейтін кәсіпорын өткен жылы бірқатар қондырғыларды сатып алып, жаңа өндірістерді іске қосқан.

Толығырақ

   

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

МТРА жаңалықтар - Экономика 25-01-2012 22:00 Көрулер саны: 1795

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Облыс орталығында кезекті рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы мұнда  250 адам жұмыс іздеп келген. 

Толығырақ

   

Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру

МТРА жаңалықтар - Экономика 24-01-2012 20:48 Көрулер саны: 1782

Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру

Петропавл қалалық жұмыспен қамту орталығы 2011жылды қорытындылады. Алғашқы жұмыс жылында жаңа орталық мамандары 1300-ден артық петропавлдыққа тұрақты жұмыс тауып беруге септесті. Жұмыссыз отырған 382 жерлесіміз тұрақты еңбек ету үшін қайта даярлық курстарынан өтті.

Толығырақ

   

Кеден Одағы аясында біріңғай экономикалық кеңістік жұмысын бастады

МТРА жаңалықтар - Экономика 19-01-2012 22:14 Көрулер саны: 2088

Кеден Одағы аясында біріңғай экономикалық кеңістік жұмысын бастады

2011 ж Солтүстік Қазақстан облысының Ресей мен Беларусь елдерімен өзара сауда айналымы 550 млн. АҚШ долларына жеткен. Бұл 2010 жылмен салыстырған екі еседен артық. Мамандар мұндай жоғары көрсеткішке Кеден Одағы аясында қол жеткіздік деп отыр.

Толығырақ

   

Статистика департаментінің мамандары өткен жылды қорытындылады

МТРА жаңалықтар - Экономика 18-01-2012 20:57 Көрулер саны: 1967

Статистика департаментінің мамандары өткен жылды қорытындылады

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста орташа жалақы 60 мың теңгеге дейін өскен. Тұрақты еңбекпен қамту жағы жақсарыпты. Өндіріс көлемі 15-орыннан 8-сатыға көтерілді дейді сарапшылар.

Толығырақ

   

Ауылдағы әмбебап дүкен

МТРА жаңалықтар - Экономика 13-01-2012 23:01 Көрулер саны: 1569

Ауылдағы әмбебап дүкен

16 желтоқсан күні Тимирязев селосында бірден 2 нысан ашылды. Сауда нүктелерінің қолданысқа берілуінің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болды.   

Толығырақ

   

Өңір өнеркәсібінің жетістіктері

МТРА жаңалықтар - Экономика 10-01-2012 22:51 Көрулер саны: 1519

Өңір өнеркәсібінің жетістіктері

2011 жыл Петропавл құрылыс материалдары зауыты үшін аса табысты болды. 2010 жылмен салыстырғанда саудаға шығарылған өнім көлемі екі есе өсіп, екі млрд. теңгеден асып жығылған. Экспорт пен импорт көлемі де айтарлықтай артыпты. Мұндай жоғары нәтижелерге - Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттері мүше Кеден Одағының арқасында жеттік деп отыр зауыттағылар.

 

 

Толығырақ

   

Павлодарлық кәсіпкерлердің жаңа өнімдері

МТРА жаңалықтар - Экономика 05-01-2012 21:06 Көрулер саны: 1652

Павлодарлық кәсіпкерлердің жаңа өнімдері

Павлодар облысының «НВД-Павлодар» және «Эльбрус ЛТД» ЖШС өз өнімдерін таныстырды. Бұл кәсіпорындар негізінен телекоммуникация, су тарату және су өткізу жүйелеріне арналған қақпақшалар, көшелерді жарықтандыратын шамдарды шығарумен айналысады. 

Толығырақ

   

2011 жылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қорытындысы

МТРА жаңалықтар - Экономика 29-12-2011 23:59 Көрулер саны: 1980

2011 жылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қорытындысы

Интеллектуалдық мектептің құрылысы, жаңа балабақшалардың ашылуы, шетелдік дәрігерлермен  әріптестік, солтүстікқазақстандық спортшылардың жеңістері - өңірде әлеуметтік саланы дамытуда атқарылған жұмыстың  қорытындысы шығарылуда. 2011 жыл айтулы оқиғаларға толы болды.  

Толығырақ

   

"Халықты жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасы жемісін беруде

МТРА жаңалықтар - Экономика 29-12-2011 23:49 Көрулер саны: 1945

"Халықты жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасы жемісін беруде

«Халықты жұмыспен қамту- 2020»  бағдарламасы өңірімізде   қарқынды орындалуда. Оның жүзеге асырылуына 2 млрд теңге бағытталыпты.

Толығырақ

   

Кәсіпорындардың таза пайдасы өсті

МТРА жаңалықтар - Экономика 29-12-2011 23:43 Көрулер саны: 1905

Кәсіпорындардың таза пайдасы өсті

Солтүстікқазақстандық орта және ірі кәсіпорындар үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанын 1 миллиард 712 миллион теңге таза пайдамен аяқтады.   

Толығырақ

   

Өңірде азық-түлік бағасы тұрақты

МТРА жаңалықтар - Экономика 28-12-2011 21:03 Көрулер саны: 1869

Өңірде азық-түлік бағасы тұрақты

Облыстағы азық-түліктің бағасы қалыпты жағдайда. Мұндай қорытындыны "Қазагромаркетинг" АҚ  СҚО филиалының мамандары жасап отыр.  

 

Толығырақ

   

Облыс орталығында азық-түлік бағасы тұрақты

МТРА жаңалықтар - Экономика 21-12-2011 21:36 Көрулер саны: 2109

  Облыс орталығында азық-түлік бағасы тұрақты

Жаңажылдық мереке қарсаңында ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары сауда нүктелерін аралап, жағдаймен танысты.   

Толығырақ

   

Отандық нарық тұрақты даму үстінде

МТРА жаңалықтар - Экономика 20-12-2011 20:59 Көрулер саны: 1900

Отандық нарық тұрақты даму үстінде

"Нұр Отан" партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері облыс орталығындағы ірі сауда орындарының бірінде  болды. Мұнда нұротандықтар сатушылар мен сауда орнына келген қала тұрғындарымен тілдесіп, базардағы азық-түлік бағасын көрді. 

Толығырақ

   

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

МТРА жаңалықтар - Экономика 13-12-2011 21:23 Көрулер саны: 2771

 Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Бұл жолы 366 бос жұмыс орны ұсынылды. Бүгінде кәсіпорындарға дәнекерлеуші, аспазшы-технолог, жүргізуші, құрылысшылар керек. Мұғалімдерге де сұраныс бар екен. Жалпы жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінде 509 адам жұмыс тапқан.

 

Толығырақ

   

"Ел ырысы" жәрмеңкесі

МТРА жаңалықтар - Экономика 10-12-2011 16:04 Көрулер саны: 2909

"Ел ырысы" жәрмеңкесі

"Жиырма жұлдызды күн" - "Тәуелсіздіктің жиырма шыңы" марафоны аясында Петропавлда "Ел ырысы" жәрмеңкесі өтті. Қырықтан астам қайта өңдеуші кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеде сатылған азық-түлік бағасы нарықтағыдан 20-30 пайызға төмен.  

Толығырақ

   

20 жылдың статистикалық жинағы

МТРА жаңалықтар - Экономика 10-12-2011 15:44 Көрулер саны: 2872

20 жылдың статистикалық жинағы

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай статистикалық жинақ жарық көрді. Онда 1991-2010 жылдардағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы сипатталған.  

 

Толығырақ

   

Тұрғын үй құрылыс банкінің акциясы

МТРА жаңалықтар - Экономика 08-12-2011 20:48 Көрулер саны: 2522

Тұрғын үй құрылыс банкінің акциясы

Тәуелсіздік тойын ұлықтауға бағытталған шаралар аясында "Шаңырақ" күні аталып өтті. Оның шеңберінде Тұрғын үй құрылыс банкі 20 жасаған елдің салымшыларына комиссиялық төлемге 20 пайыздық жеңілдік жасап отыр.   

Толығырақ

   

Банк туралы шығармашылық байқау

МТРА жаңалықтар - Экономика 07-12-2011 20:50 Көрулер саны: 2077

Банк туралы шығармашылық байқау

Петропавлда «Банк секторының аймақ экономикасы дамуындағы алатын орны» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Жиында Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Солтүстік Қазақстан облысы банк жүйесінің 140 жылдығына орайластырылған байқау жеңімпаздары марапатталды.

Толығырақ

   

Өңірімізде тағы бір сүт кешені іске қосылды

МТРА жаңалықтар - Экономика 05-12-2011 21:31 Көрулер саны: 2609

Өңірімізде тағы бір сүт кешені іске қосылды

 "Зенченко және компания" КС-не қарасты 4-ші мал фермасын ашуға облыс әкімі Серік Біләлов қатысты. Кешен 400 бас қара малды бағып-күтуге ылайықталған. Заманауи сауын бөлімінде бір мезгілде 24 сиыр сауылады. Сондай-ақ облыс әкімі Қызылжар ауданына қарасты Новоалександровка ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Толығырақ

   

Өңірде бензин тапшылығы жоқ

МТРА жаңалықтар - Экономика 30-11-2011 20:48 Көрулер саны: 2179

Өңірде бензин тапшылығы жоқ

Облыста жанар-жағармай жеткілікті мөлшерде. Нарықтағы бензин саудасын монополияға қарсы агенттік қызметкерлері үнемі бақылауда ұстайды. Сол себепті темір көлік жүргізушілеріне алаңдаудың қажеті жоқ.   

Толығырақ

   

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

МТРА жаңалықтар - Экономика 23-11-2011 20:41 Көрулер саны: 2074

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Осымен 11 мәрте ұйымдастырылып отырған шарада мекеме-кәсіпорындар 412 жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге келген азаматтар негізінен инженер–техник, құрылысшы мамандықтары бойынша жұмыс таба алды.

Толығырақ

   

Жерлестеріміз Елордада 4 инновациялық жобаны таныстырды

МТРА жаңалықтар - Экономика 17-11-2011 20:43 Көрулер саны: 2496

Жерлестеріміз Елордада 4 инновациялық жобаны  таныстырды

Қарашаның сегізінде Астана қаласында "Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік жауапкершілігі" деген атпен республикалық форум өтті. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған басқосуда республика өңірлерінен 60-қа тарта жоба  ұсынылды. Оның қатарында солтүстікқазақстандықтардың 4 жаңашылдығы бар.

Толығырақ

   

Қарашаның 15-і - Ұлттық валюта күні

МТРА жаңалықтар - Экономика 15-11-2011 21:33 Көрулер саны: 2486

Қарашаның 15-і  - Ұлттық валюта күні

Осыдан 18 жыл бұрын 15 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасы қолданысқа еніп, төл теңгеміз айналымға шыққан болатын. Содан бері ел экономикасы тұрақтанып, өзінің дербес қаржы жүйесін қалыптастырып үлгерді.  

 

Толығырақ

   

Өңірде «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда

МТРА жаңалықтар - Экономика 08-11-2011 00:34 Көрулер саны: 2362

Өңірде «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда

2020 жылға дейін облыста 507 елді мекеннің тұрғындары сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы қабылданған "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады.

Толығырақ

   

Парақ 1 3 дан

КазахскийРусский