ОПП
Главный
интернет форум
Петропавловска
opp.kz
ОДК
Общественный
дискуссионный клуб
Петропавловск СКО
odk.kz
Аукцион ПРИВОЗ
Бесплатная торговая
площадка, барахолка
Петропавловска
privoz.kz
Продаётся нефтебаза
г. Мамлютка, Северо-
Казахстанская
область
подробнее
19.05.2012, 20:20
   
Шрифт
КазахскийРусский
СҚО әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы
Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының
күн сайынғы жаңалықтары бейне және мәтін түрінде

Iздеу

МТРА жаңалықтар

Кәсіпкерлікті қолдау шарасы

Аптадағы маңызды жаңалық

Өңірімізде шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар ең алдымен Шал ақын ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.  

Толығырақ: Кәсіпкерлікті қолдау шарасы

 

Заң бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

Билік

Өткен екі жылда жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзудың 66 фактісі анықталған. Бұл бағытта 2010-2011 жылдары атқарылған жұмыс қорытындысы "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

Толығырақ: Заң бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

 

Мемлекеттік рәміздердің стандарттарға сәйкестігі тексерілді

Қоғам

Биыл ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл. Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін мемлекеттік нышандарды құрметтеу, насихаттау және пайдаланудағы кемшіліктер қайталанып, жойылмай келеді. Кезекті тексеріс кезінде мамандар өңірдегі бірқатар мемлекеттік органдарда көптеген олқылықтарды анықтаған.  

Толығырақ: Мемлекеттік рәміздердің стандарттарға сәйкестігі тексерілді

 

Контрабандалық қаламсаптар

Құқық қорғау органдары

Жедел алдын алу шарасы барысында арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатпақшы болған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Сезіктіден саудалауға тыйым салынған бейнекамерасы бар 26 дана қаламсап тәркіленді.

Толығырақ: Контрабандалық қаламсаптар

 

Соғыс жаңғырығы

Қоғам

Ұлы Отан соғысында елі үшін жанын пида етіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір солтүстікқазақстандық жауынгердің жерленген орны табылды. Зәйкен Мусиннің туыстары Украинадағы бауырластар зиратына барып, ағалары жатқан жердің бір уыс топырағын атамекенге әкелді. Құты Аққайың ауданындағы молаға жерленіп, басына тас қойылды.

Толығырақ: Соғыс жаңғырығы

 

«Өз қан қысымыңды біл»

Денсаулық сақтау

Облыс орталығында дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орай осындай акция ұйымдастырылды. Бұл күні петропавлдықтар қан қысымдарын өлшетіп, тегін кеңес алды. 

 

Толығырақ: «Өз қан қысымыңды біл»

 

Мамырдың 18-і - Халықаралық мұражай күні

Мәдениет

 Әлемнің 150-ден астам елінде аталып өтілетін мереке қарсаңында облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкерлері достарын қарсы алды. 

 

 

Толығырақ: Мамырдың 18-і - Халықаралық мұражай күні

 

Экскурсия жүргізушілер байқауы

Мәдениет

«Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешенінде «Өткенді жаңғыртып, болашақты қалыптастыру» деген атаумен экскурсия жүргізушілердің байқауы өткізілді. Мұндай сайыс облыста тұрғыш рет ұйымдастырылып отыр.  

Толығырақ: Экскурсия жүргізушілер байқауы

 

Ғалым Малдыбаевтың туғанына - 110 жыл

Мәдениет

Жазушы, журналист, ақын Ғалым Малдыбаевтың туғанына 110 жыл. Осыған орай Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "Аяулы елім маған қалам алдырған" атты шығармашылық кеш өтті. Оған оқырмандар мен қаламгердің туған-туыстары жиналды.

Толығырақ: Ғалым Малдыбаевтың туғанына - 110 жыл

 

«Роза ветров» фестивалі

Мәдениет

Петропавлда халықаралық «Роза ветров» фестивалінің шымылдығы ашылды. Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін бұл байқау алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. 

 

Толығырақ: «Роза ветров» фестивалі

 

Облыстық селекторлық кеңес

Аптадағы маңызды жаңалық

Көктемгі егіс науқанын тиісті деңгейде өткізу - бүгінгі күні басты назарда. Бұл мәселе облыстық әкімдікте өткен отырыста кеңінен талқыланды. Өңір жетекшісі Серік Біләлов селекторлық байланыс арқылы аудандар әкімдерін тыңдап, оларға нақты тапсырмалар берді.

Толығырақ: Облыстық селекторлық кеңес

   

Орманшылар қаланы көгалдандыруда

Қоғам

Жамбыл көшесінің бойында орналасқан саябақта 30 шырша ағашы егілді. Қаланы көгалдандыру жұмысына орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерімен бірге қала әкімі Болат Жұмабеков қатысты.

Толығырақ: Орманшылар қаланы көгалдандыруда

   

"Есіл су " қызмет бағасын қымбаттатпақ

ТКШ

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының  тарифті көтеру жөніндегі өтініші қоғамдық тыңдауда қаралды. Айту керек, су бағасының өсуі қатардағы солтүстікқазақстандықтарға еш қатысы жоқ. Ауыл тұрғындары бұрынғыша бір текше метр су үшін қосылған құн салығын есепке алғанда 40 теңге төлей бермек. Су бағасы кәсіпорындар үшін қымбаттайды.

Толығырақ: "Есіл су " қызмет бағасын қымбаттатпақ

   

Теміржол вокзалындағы «бомба»

Оқиғалар

Бүгін Петропавл теміржол вокзалының жұмысы бірнеше сағатқа тоқтап қалды. Белгісіз азамат мұнда жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Төтенше жағдайдан қауіптенген жедел әрекет ету тобы вокзалдағы 400-ге жуық жолаушы мен қызметкерді сыртқа шығарды.

Толығырақ: Теміржол вокзалындағы «бомба»

   

Әскери прокуратура тексерістері

Құқық қорғау органдары

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы әскери бөлімдер мен әскери басқару органдарында жүргізілген тексерістердің қорытындысын жария етті. Олардың барысында бірқатар олқылықтар табылып, айыпты әскерилер қызметтерінен босатылды.

Толығырақ: Әскери прокуратура тексерістері

   

Жаңа жыр жинағы

Мәдениет

Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, ақын Мүтәлап Қанғожиннің "А-п-а-а" атты жыр жинағы жарық көрді. Туынды Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған.

Толығырақ: Жаңа жыр жинағы

   

“ЛОРД” шәкірттерінің зияткерлік жетістіктері

Білім беру

Дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” мектеп-лицейінің шәкірттері жаратылыстану және астрономия пәндерінен өткен республикалық зияткерлік сайыстан жүлделі оралды. 

 

Толығырақ: “ЛОРД” шәкірттерінің зияткерлік жетістіктері

   

«Мамыр жұлдыздары»

Мәдениет

Облыс орталығында «Мамыр жұлдыздары»  ән фестивалі өтті. Байқауға қатысушылар әскери-патриоттық бағыттағы туындыларды орындады.

Толығырақ: «Мамыр жұлдыздары»

   

Таэквандошылар жеңісі

Спорт

Тәжікстанда өткен таэкван-додан Азия чемптонатында Ұлттық құраманың қоржынына түскен 10 жүлденің 9-ын солтүстікқазақстандықтар еншіледі. Илья Хван мен Александр Поляков  шығыс жекпежегінің 4 сынында қанжығаларына алтын медаль байлады. Сондай-ақ 2 күміс пен үш қола алқаны асынып қайтты. Нәтижесінде ҚР құрамасы 20 елдің арасында үздік үштікке енді. 

Толығырақ: Таэквандошылар жеңісі

   

«Қызылжар» жанкүйерлерін қуанта алмады

Спорт

«Қарасай» стадионында футболдан Қазақстан кубогы аясындағы кездесу өтті. Бұл жолы жергілікті «Қызылжар» командасы тараздық футболшыларды қабылдады.

Толығырақ: «Қызылжар» жанкүйерлерін қуанта алмады

   

Футболдан шеберлік сағаты

Спорт

 «Қызылжар» командасының футболшылары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне шеберлік сыныбын өткізді. Спорттық іс-шара еуропалық футбол апталығының аясында ұйымдастырылған. 

 

Толығырақ: Футболдан шеберлік сағаты

   

Селекторлық кеңес

Билік

Бүгінгі күні еліміздің негізгі астық өсіруші өңірлерінде жаппай егіс жұмыстары басталып кетті. Науқанды тиісті деңгейде өткізуге барлық жағдай бар деп мәлімдеді Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі. Селекторлық байланысқа барлық өңірлер шықты. Біздің облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 4,5 млн. гектар алқапқа себілмек. Оның 3 млн 800 гектары -  дәнді дақылдар.

Толығырақ: Селекторлық кеңес

   

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессиясы

Аптадағы маңызды жаңалық

Жиында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар айқындалды. Сондай-ақ ұйымның бірқатар мүшелері алғыс хаттармен марапатталып, қоғамдық "Бірлік" алтын медальдарына ие болды.

Толығырақ: Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХVІІ сессиясы

   

«Нелегал» шарасы

Құқық қорғау органдары

Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің 117 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары облыс аумағында «Нелегал» жедел алдын- алу шарасын өткізіп жатыр. Оның мақсаты -  елімізде заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтап, заңсыз көші-қон жолдарын айқындау.

Толығырақ: «Нелегал» шарасы

   

Тұрғындар мен кәсіпкер арасындағы ұзаққа созылған дау

ТКШ

Парк көшесі, 53 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары мен техникалық қызмет көрсету станциясы иесінің арасындағы дау-дамай бірнеше жылға созылып келеді. Пәтер иелері келіп-кетіп жатқан көліктердің шуына, сыр және жанар-жағармайдың жағымсыз иісіне шағымданып отыр. Кәсіпкер  барлық талаптар мен санитарлық нормаға сәйкес жұмыс істейтіндігін алға тартуда. 

 

Толығырақ: Тұрғындар мен кәсіпкер арасындағы ұзаққа созылған дау

   

Петропавлда жылу үнемдегіш қондырғы орнатылады

Энергетика

Жергілікті ғалымдар ойлап тапқан жылу үнемдегіш қондырғы Орталық Азия елдерінің инновациялық жобалар байқауында жоғары бағаға ие болды. Алматыда өткен халықаралық шарада барлығы 26 өнертабыс таныстырылған. Солтүстікқазақстандықтар ұсынған жылу реттегіш насос әзірге қолмен басқарылады. Алдағы жылыту маусымынан қондырғыны толығымен автаматтандыру көзделіп отыр.  

Толығырақ: Петропавлда жылу үнемдегіш қондырғы орнатылады

   

Техникалық шығармашылық байқауы

Білім беру

Облыс орталығында технология пәні мұғалімдері мен мектеп оқушыларының басын қосқан семинар-байқау өтті. Онда тәжірибелі шеберлер мен олардың шәкірттері көлік нысандарының шағын үлгісін жасаудан сынға түсті.

Толығырақ: Техникалық шығармашылық байқауы

   

Отбасы мәселелеріне арналған жиын

Қоғам

«Нұр Отан» ХДП  облыстық филиалында өткен дөңгелек үстелде жанұяның қоғамдағы орны мен отбалық өмірде жиі кездесетін мәселелер сөз болды. Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған жиынға қалалық ішкі саясат бөлімі, әділет департаментінің мамандары, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.

Толығырақ: Отбасы мәселелеріне арналған жиын

   

Отбасылық шығармашылық фестивалі

Мәдениет

15 мамыр  - халықаралық отбасылар күні. Мерекеге орай Петропавлда «Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық шығармашылықтың өңірлік фестивалі өтті. Оған аудан мен қалалардан 125 отбасы жиылды.  

Толығырақ: Отбасылық шығармашылық фестивалі

   

Өңірде көктемгі егіс науқаны басталды

Аптадағы маңызды жаңалық

Биыл облыс агроқұрылымдары 4 жарым миллион гектар алқапқа дән сіңірмек. М.Жұмабаев ауданындағы  Фурманов ауылдық округінде қазір алқаптарға дән сіңіру жұмысы қызу жүріп жатыр.

Толығырақ: Өңірде көктемгі егіс науқаны басталды

   

Жаңа бизнес-жобалар қаралды

Экономика

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдармасына деген қызығушылық артып келеді. Бағдарламаның мүмкіндіктерімен жіті танысқан кәсіпкерлер мемлекет ұсынып отырған қолдауды пайдалануға асық. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша облыстық әкімдік жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесі тағы тоғыз жобаны қарады.

Толығырақ: Жаңа бизнес-жобалар қаралды

   

Депутаттар сенбілікте

Қоғам

Тазалық үшайлығы аясында қалалық мәслихат  депутаттары өз сайлау округіндегі аулаларда сенбілік ұйымдастыруда. Сондай-ақ, олар балалар алаңын сырлауға қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Бұл жұмыстарға халық қалаулылары өз қаражаттары есебінен 268 мың теңге бағыттаған.

Толығырақ: Депутаттар сенбілікте

   

Жас жол инспекторларының сайысы

Құқық қорғау органдары

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы қарсаңында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен жолдағы жарақатты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын өткізуде. Осы орайда демалыс күндері Петропавлда жол ережесін қадағалаушы жас инспекторлар арасында екі күндік жарыс өтті.

 

Толығырақ: Жас жол инспекторларының сайысы

   

Имамдар білім жетілдіруде

Қоғам

Облыс орталығында имамдардың білімін жетілдіру курстары өтуде. Оған 30-ға жуық тыңдаушы қатысады. Жиынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен "Көз жету" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. 

 

 

 

Толығырақ: Имамдар білім жетілдіруде

   

Шығармалар байқауы жарияланды

Білім беру

Облысымызда мамырдың 13 мен 23 аралығында шығармалар байқауы ұйымдастырылады. Оған қатысу мүмкіндігі 9-11 сынып оқушыларына беріліп отыр. Белсенді жастар "Солтүстік Қазақстан облысының өркендеуі - менің елімнің өркендеуі" тақырыбындағы жұмыстарын тапсыруы керек.

Толығырақ: Шығармалар байқауы жарияланды

   

Солтүстікқазақстандық оқушылардың кезекті жеңісі

Білім беру

 Жаркент қаласында өткен жетінші республикалық педагогикалық олимпиадада қазақ мектеп -гимназиясының тәрбиеленушілері екінші жүлделі орынды жеңіп алды. Бес аталым бойынша сынға түскен оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

Толығырақ: Солтүстікқазақстандық оқушылардың кезекті жеңісі

   

Республикалық олимпиадада солтүстікқазақстандық екі ұстаз жеңіске жетті

Білім беру

Ұстаздар арасында өткен 1-ші республикалық олимпиадада өңіріміздің 2  өкілі жүлделі орыннан көрінді. Петропавлдағы Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей мұғалімдері Татьяна Чепурнова мен Елена Казанцева біліктіліктерін дәлелдеп, еліміздің үздік ұстаздарының қатарына кірді. 

 

 

Толығырақ: Республикалық олимпиадада солтүстікқазақстандық екі ұстаз жеңіске жетті

   

Екі жерлесіміз Хорватия чемпионатында өнер көрсетті

Спорт

Хорватияның Загребь қаласында жеңіл атлетикадан мүгедектер арасында өткен ашық чемпионаттан жерлестеріміз жүлделі оралды. Жарыс тірек-қимыл жүйесі зақымданған және көру қабілеті нашар  жандардың басын қосқан. 

 

Толығырақ: Екі жерлесіміз Хорватия чемпионатында өнер көрсетті

   

Каратэшілер ел чемпионатынан 11 медаль алып қайтты

Спорт

Өңір спортшылары Қарағанды қаласында каратэ-до шотаканнан өткен республикалық ашық чемпионаттан жүлделі оралды. Жерлестеріміз өңір қоржынын 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен толықтырды.  

 

Толығырақ: Каратэшілер ел чемпионатынан 11 медаль алып қайтты

   

Өңірде тұңғыш рет драг-рейсингтен жарыс өтті

Спорт

 Спорттың бұл түрінен ұйымдастырылған алғашқы жарыста 30-ға жуық қатысушы өз бағын сынады.

Толығырақ: Өңірде тұңғыш рет драг-рейсингтен жарыс өтті

   

Синоптиктер ескертеді

Әр түрлі

Мамырдың 15 -17-сі аралығында облыс бойынша ауа температурасы күрт төмендейді деп күтілуде.

Толығырақ: Синоптиктер ескертеді

   

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді

Білім беру

Енді медициналық білім беретін оқу орындарына түсу үшін ең кемінде 55 ұпай керек. Ал ұлттық деңгейдегі жоғары оқу орындарының студенті атанғысы келетін мектеп түлектері 70 ұпай жинауы тиіс.  

 

Толығырақ: Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді

   

«Іздеушілер» тобы зерде вахтасынан оралды

Аптадағы маңызды жаңалық

"Саланг" және "Алғыс" әскери-патриоттық клубтарының өкілдерінен жасақталған солтүстікқазақстандық «Іздеушілер» тобы Ресейдің Новгород облысынан оралды. 19  жерлестеріміз көрші елде Орел және Тула қалалары, Росино елді мекені маңындағы қазба жұмыстарына қатысты. Олар ҰОС жылдарында қанды ұрыстар өткен майдан даласынан 31 жауынгердің сүйегін көтерді. 

 

Толығырақ: «Іздеушілер» тобы зерде вахтасынан оралды

   

Көктемгі гүл егу басталды

Қоғам

Көктем келісімен облыс орталығында көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Биыл қала көшелері мен алаңдарындағы 10 мың шаршы метр аумаққа гүл егілмек.  

 

Толығырақ: Көктемгі гүл егу басталды

   

«Жолдағы қабылдау»

Құқық қорғау органдары

Жол полициясы басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП СҚО филиалының ұйымдастыруымен жол бекетінде «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті. Оның барысында көлік жүргізушілер арнайы сауалнама сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ: «Жолдағы қабылдау»

   

Теміржолдағы прокурорлық тексеріс

Құқық қорғау органдары

Көлік прокурорлары Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінде жүргізілген тексерісті қорытындылады. Жүк тасымалдаушылар тарапынан  тарифтердің өзгеруі жайлы дер кезінде хабарламау, кәсіпкерлерге негізгіз айыппұл салу сияқты заңбұзушылықтар анықталған. Оларды жоюға 1 ай уақыт берілді.

Толығырақ: Теміржолдағы прокурорлық тексеріс

   

"Ұлан" спартакиадасы

Спорт

ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының базасында кәсіптік  лицейлер мен интернаттардың  тәрбиеленушілері арасында "Ұлан" спартакиадасы жалауын көтерді. Жарысқа қатысушылар спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша сынға түседі. 

 

Толығырақ: "Ұлан" спартакиадасы

   

Мағжан оқулары

Білім беру

"Мен жастарға сенемін"! Осындай атаумен облыстық Мағжан оқулары өтті. Онда байқаудың осыған дейінгі кезеңдерінде жүлделі орындардан көрінген үздіктер сайысқа түсті. 

 

 

Толығырақ: Мағжан оқулары

   

Жерлестеріміз Францияда өнер көрсетеді

Мәдениет

Солтүстік Қазақстан өңірінің өнерпаздары Франция елінде өтетін екі бірдей халықаралық байқауға әзірленіп жатыр. Мақсаттары - қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениетін әлемге таныту.  

 

Толығырақ: Жерлестеріміз Францияда өнер көрсетеді

   

Коммуналдық қызметтердің сапасы және тарифтер

Аптадағы маңызды жаңалық

Облыстық әкімдікте өткен жиында жылыту маусымы қорытындыланып, алдағы қысқа дайындық жөніндегі міндеттер айқындалды.  

 

 

Толығырақ: Коммуналдық қызметтердің сапасы және тарифтер

   

Парақ 1 101 дан

КазахскийРусский